"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отбасымыз оқырман

Тақырыбы: «Отбасымыз оқырман»
Сайыстың мақсаты: Оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру. Болашаққа өз үлесін қоса білетін ізденімпаз ұрпақ, оқыған кітаптарын талдай отырып, рухани-тәлім тәрбиелеу, кітап оқуға баулу. Отбасылық оқу дәстүрінің өркендеуіне себеп болу,отбасының қатынасты және ата-аналар мен балалардың бос уақытын бірге өткізу, олардың ақпараттық ағартушылығын ұйымдастыру.

Көрнекілігі:ұлағатты сөздер,суреттер салынған плакат,топ аттары,шарлар,слайд.
Кітапханашы:

- Құрметті кітапсүйер қауым және бүгінгі сайысымызға қатысушы балалар мен олардың ата –аналары. Бүгінгі мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Отбасымыз оқырман» тақырыбында оқырмандар сайысын ашық деп жариялаймыз. Әрине, бұл оқырмандарымызбен қатар олардың ата-аналарына да сынақ болмақ. Өйткені оқушылар сайыс барысында өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын, жылдамдықтарын, өнерлерін толығымен ашып көрсете алады. Біздің дәуірімізге дейінгі20-шы ғасырда бір отбасында бірнеше ұрпақ өмір сүрген. Оларды атап айтар болсақ.ата-әжесінен бастау алып немере мен шөбереге дейінгі ұрпақтар өмір сүрген.Олар тату-тәтті бір-бірімен достық қарым-қатынаста өмір кешкен.Үлкендері кішіге ізет,кішілері үлкенге құрмет көрсетіп,бір-бірлерін сыйлай білген.Олардың отбасы берік болған. Сайыскелер дайын болғанша біз сіздермен бірге «Жақсы кітап-жан азығы» атты кітап көрмесімен таныс болайык.
1-жүргізуші:
Тәуелсіз елдің болашағы – білімді ұрпақ. Олай болса, бүгінгі шарамыз сайыс түрінде өтеді.Сайысқа 4 отбасы қатысады. Ендеше сайысқа түскелі отырған оқырман отбасыларды ортаға шақырайық.

1-айналым. «Сұрасаң менің тегім» .(Бұл айналымда отбасы мүшелері өздерін таныстырып, сүйікті кітаптары жайында айтады)

2-жүргізуші:
2-айналым.Ұшқыр ой.Сұрақ- жауап (оқушылармен жұмыс)
Бұл айналымда әр топ 10 сұраққа жауап берулері керек. Мұнда сіздердің ұшқырлықтарыңыз бен сұраққа тез және дәл жауап бергендеріңіз есептеледі. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі, яғни неше дұрыс жауап болса, сонша ұпай, жиналады.Сұрақтар қазақ тілі, математика, дүниетанудан қойылады.

1-топ сұрақтары:
1.Қазақстан Республикасының Президенті кім?( Қ-Ж .К. Тоқаев)
2.Қойдың иесін ата ?( Шопан ата)
3.Адамның ішкі мүшелерін ата ? (Ми,өкпе,жүрек,бауыр,бүйрек,қарын,ішек,қуық )
4.Қараша жылдың қай мезгіліне жатады ? (Күз)
5.Жыл басы не ? (Тышқан)
6.Есту мүшесі ( Құлақ)
7.Орман дәрігері ( Тоқылдақ)
8.Спорттық ойын түрлерін атаңдар, ( Футбол,баскетбол,волейбол,хоккей,шаңғы тебу )
9.Күн мен түн қандай әріптен аяқталады? ( Н )
10.Үш биді ата? (Қазыбек би,Төле би,Әйтеке би )
2-топ сұрақтары:
1.ҚР астанасы? (Астана)
2.Жылқының иесі ( Қамбар ата)
3.ҚР Тәуелсіздік алған күні ( 16-желтоқсан)
4.Желтоқсан жылдың қай мезгіліне жатады? (Қыс)
5.ҚР Мемлекеттік тілі қандай тіл? ( Қазақ тілі )
6.Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? (1986 жылы )
7.Ел басқару саласындағы басты тұлға кім? (Президент )
8.Абылайхан тұсындағы жырау (Бұқар жырау)
9.Жылдан құр қалған жануар(түйе)
10.Адамға қажетті бес қажеттілікті ата(Ауа, су,жылу,жарық,тағам)
3-топ сұрақтары:
1.ҚР оңтүстік астанасы.( Алматы)
2.Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында?( 9-орында)
3.Ешкінің иесі( Сексек ата)
4.ҚР Елтаңбасының авторлары кімдер( ЖандарбекМәлібеков ШотаманУәлиханов)
5.Ақпан жылдың қаймезгіліне жатады(Қыс)
6.1-шы ммамыр қандай мереке?( Қазақстан халқының бірлігі күні)
7.Тыныс алумүшелерін ата ( Мұрын қуысы,кеңірдек,өкпе)
8.Етістіктің сұрақтарын ата? (Не істеді?Неқылды?Қайтті?)
9. «Л»дыбысы қандай дыбыс?(Дауыссз,үнді дыбыс)
10.Сұраулы сөйлемге мысал келтіріңдер(Сенің атаң кім?)
4-топ сұрақтары:
1.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров )
2.Сиыр иесі кім? (Зеңгі баба)
3.Мамыр айы жылдың қай мезгіліне жатады? (Көктем)
4.ҚР Туының авторы кім ? (Шәкен Ниязбеков)
5.ҚР тұңғыш Конституциясы қай жылы қабылданды ? (1995 ж. 30 тамыз)
6.Жер шарында неше мұхит бар? (4)
7.Ас қорыту мүшелерін ата (ауыз қуысы,жұтқыншақ,өңеш,қарын, ішек)
8.Сезім мүшелерін ата (Көз,құлақ,мұрын,тіл, тері )
9.Сан есімнің сұрақтарын ата (Қанаш? неше? нешінші?)
10.«Қ»қандай дыбыс? (Дауыссыз,қатаң дыбыс )
1-жүргізуші:
3-айналым. «Менің оқырман отбасым» (кітапша жасап әкеліп,презентация жасайды)

1-жүргізуші:
4-айналым. «Ерте, ерте, ертеде» (отбасылық топ үйден дайындап келген ертегіден көрініс көрсету)

2-жүргізуші:
 5-айналым.Ата –аналармен жұмыс. (сұрақ-жауап)

«Мен оқыған кітаптар» (шығарманың аты беріледі авторын тауып айтады). Әр сұраққа - 1 балл

1 «Қорғансыздың күні», «Кім кінәлі», «Қилы заман» шығармаларын қазақтың қай жазушысы жазды? (Мұхтар Әуезов)

 2 «Дала», «Бүгінгі дала», «Құлагер» қай көрнекті жазушының шығармасы? (Ілияс Жансүгіров)

 3 «Сұлушаш», «Адасқандар», «Сырдария» романдарының авторы кім? (Сабит Мұқанов)

 4 «Аманат», «Аққудың қанатына жазылған жыр», «Үш бақытым» кітабының авторы? (Мұқағали Мақатаев)

5. «Тар жол, тайғақ кешу» романы , «Көкшетау» поэмасының авторы кім? (Сәкен Сейфуллин)

 6. «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан», «Қалың елім қазағым» кітаптарының авторы? (Абай Құнанбаев)

7. «Менің атым Қожа», кітабының авторы? (Бердібек Соқпақбаев)

 8. Қайда безіп барасың? Кітабының авторы (Оспанхан Әубәкіров)

6 – айналым. Отбасымыз оқырман!

Wordwall платформасында жұмыс, викториналық сұрақтарға отбасымен тез жауап беру (ұялы телефондар арқылы)

 Викториналық сұрақтар. 1. Кітап басып шығаратын жер қалай аталады? (Баспахана), 2. Кітап күні қашан аталып өтіледі? (23 сәуір), 3. Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан кім? (Ы. Алтынсарин), 4. Шығарманың алдындағы кіріспе мақала қалай аталады.? (Алғысөз) 5. Кітаптың суреттері қалай аталады? (Иллюстрация), 6.  Мектептегі оқулықтар қандай баспадан шығады? (Атамұра, Алматыкітап, Мектеп, Білім)

Кітапханашы:


  Қызықты дерек

Өз бетінше кітап оқып, нәтижесінде үздік білім алған, сөйтіп атақты ғылым болған адамдар дүние жүзінде аз емес. Мысалы, Максим Горький, М. Ломоносов, қазақтың Ұлы ақыны А. Құнанбаев өз бетінше ізденудің, кітапты көп оқудың арқасында шығармашылығын жетілдірді, әрі бірнеше тілді меңгерді, ойшылдардың еңбегімен танысты. Сөйтіп бүкіл әлемге танылды.

Парсы ғылымы Уадыр Сахиб кітапты ерекше жақсы көрген адам екен. Оның мыңдаған кітап қоры бар үлкен кітапханасы болыпты. Ол мемлекет қайраткері, әрі әскери адам болған. Өмірдің тең жартысын ат үстінде, жорық жолында өткізген.

Бір қызығы, ол жорыққа аттанғанда өзімен бірге осы кітапханасын алып шығады екен. Кітапты артуға 400-дей түйе бөлінетін. Түйелер барлық жорық жолында әліпби (алфавит) бойынша тізіліп жүрген. Ал кітапханашылар Уадыр Сахибке кез келген уақытта керек кітабын тауып апарып берген. Сөйтіп, түйе үстіндегі кітапхана басқа да жауынгерлерге рухани азық болған.

Казіргі кезге дейін кітаптың адам өміріндегі рөлі ерекше. Кітап біздің алға жылжуымызға, адамгершіліктің биік шыңына көтерілуімізге өлшеусіз ақыл қосады.

Ғылым сыншы Д. Писарев «Мектепте оқу керек, ал мектептен шыққан соң одан да көп оқу керек!» - дейді. Ал Абай атамыз «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ақыл – кеңес береді.

 Келесі кездескенше аман сау болыңыздар!

Қорытынды. Марапаттау, кітапханашы іс-шараны қорытындылап, сайысқа қатысқан отбасыларға алғыс айтты, сыйлықтар таратылды.
 

Жаңартылған күні: 11.01.2023 15:56
Құрылған күні: 11.01.2023 15:56

Текст