Текст
«Мамандықты таңдай біл» тақырыбында 9 сынып оқушыларымен ақпараттық сағат өткізілді.
Мақсаты — оқушыларға мамандықтарды таныстыру, олардың әрқайсысының ерекшеліктері мен талаптарын түсіндіру, болашақта дұрыс мамандық таңдауға көмектесу.
Сабақ барысында әр түрлі кәсіби саладағы мамандардың рөлін түсіндіре отырып, оларды таңдау үшін практикалық кеңестер берілді. Оқушылардың қызығушылықтарын, күшті жақтарын, мансаптық ұмтылыстарын анықтау мақсатында сауалнама алынып, психогеомеириялық тест алынды. Оқушылармен әр түрлі ойындар ойнатылып, бейнематериалдар көрсетілді.
Кәсіптік бағдар беру жетекшісі: Бекбаева Н.Н.