Текст
19.10.2026
Сынып сағатының мақсаты — оқушыларға Республика күнінің тарихи маңызын түсіндіру, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға және ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының өзегіне тәуелсіздік, ел бірлігі, отансүйгіштік және азаматтық жауапкершілік құндылықтары арқау болды. Туған жерді қадірлеу, еліміздің жетістіктерін мақтан тұту, білім мен адал еңбек арқылы Отанның өркендеуіне үлес қосу идеяларына ерекше мән берілді.
Тағылымды сынып сағаты оқушылардың бойында ұлттық мақтаныш сезімін нығайтуға, елін сүйетін, саналы да жауапты азамат болып қалыптасуына бағытталды.
Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, бірлігі бекем, болашағы жарқын болсын!



