"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тамақтандыру ұйымдастыру мәселелері туралы

2019 жылдан бастап Министрлік білім беру ұйымдарының тамақтандыруды ұйымдастыруына нысанға бармай-ақ бақылау іс-шараларын жүргізуге мүмкіндік беретін, камералық бақылауды енгізді.

Сонымен қатар, Министрлік Қаржы министрлігімен бірлесіп, конкурстық рәсімдерді мемлекеттік сатып алулар порталы арқылы жүргізетін электрондық форматқа ауыстыруды қарастыруда.

Бүгінгі күні қызмет көрсетуді мектеп қызметкерлері, сондай-ақ ата-аналар қауымы тарапынан заңды түрде тұрақты бақылау мүмкіндігі қарастырылған. Әрбір мектепте тамақтандыруды бақылау комиссиясы қызмет етеді. Комиссияны мектеп директоры басқарып, құрамына мектеп медбикесі, педагогтар, ата-аналар комитеті мүшелері, қамқоршылық кеңесі кіреді.

Ереже бойынша жалға алушы ай сайын білім беру ұйымы басшысына сапасын куәландыратын құжаттары бар қолданылатын азық-түлік тізімін тапсыруы тиіс.

Күнделікті медициналық қызметкер немесе жауапты тұлға дайын тағамдарға органолептикалық бағалау жүргізіп, тағамдар және аспаздық өнімдерге органолептикалық бақылау журналына жазба жүргізеді.

Осылайша, оқушылардың тамақтану сапасына мектеп әкімшілігі тарапынан әсер етуге қажетті мүмкіндік жасалған. Аталған мәселеде білім беру ұйымы басшысының (бракеражды комиссия төрағасы) жауапкершілігі жоғары.

Сондықтан, Министрліктің мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын арттырудағы негізгі қызметі – бракеражды комиссияның тамақтандыру сапасын бақылау қызметіне ақпараттандыру жұмысын кең көлемде ұйымдастыру. Сонымен қатар, оқушылар мен ата-аналарға тамақтандыру дұрыс ұйымдастырылмаған жағдайда не істеу керектігін түсіндіру.

Жаңартылған күні: 20.04.2019 11:56
Құрылған күні: 02.05.2019 15:45

Текст