🔰 АУДАНДЫҚ СЕМИНАР
⚜️ Бүгін 18 желтоқсан күні мектебімізде "Үй тапсырмасы оқушылардың өздік жұмысының тиімді құралы" тақырыбында аудандық семинар өтті.
📌 Семинардың мақсаты:Үй тапсырмасын орындау барысында заманауи әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі бойынша іс-тәжірибе алмасу.
✅ Семинарға ауданымыздың білікті ұстаздары мен әдістемелік орталықтың меңгерушісі Контарбаева А.К. қатысты.
Семинар психологиялық тренингпен бастау алып, педагогтер арасында жағымды қарым-қатынас орнатылып, бір-бірлерімен өзара жақын танысып, жақсы көңіл-күй көрсете отыра топтық жағдаяттық тапсырмалар арқылы көрініс көрсету сәтімен, қызықты ойындармен жалғасын тапты.
Семинар қатысушылары білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні қолдану саласындағы біздің талантты спикерлеріміз ұсынған жаңа әзірлемелермен және практикалық кейстермен танысты.
Біздің спикерлердің өткізген әр бір ашық сабақтары мен шеберлік сабақтары құнды біліммен, қызықты да тартымды және қол жетімді ақпараттармен толы болды.
Семинар соңында әдістемелік орталықтың меңгерушісі Контарбаева А.К. сөз алып, өткізілген іс-шара бойынша кері байланыс жасап, семинар қатысушылары өз пікірлерін білдіріп, алған білімдерін ортаға салып, алғыстарын білдірді. Семинар соңында қатысушыларға және өз тәжірибесімен бөліскен ұстаздарды марапаттады.