"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие жұмысы бойынша І-жарты жылдық есебі.

Егіндікөл ауылының жалпы орта бідім беретін мектебінде тәрбие жұмысы бойынша І-жарты жылдықта  өткізілген іс-шараларға

есеп беру

2022-2023 оқу  жылы

  1. 1-Қыркүйек күні «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» атты салтанатты жиын өткізіліп, 1 сынып оқушыларын салтанатты түрде мектепке қабылданды. 
  2.  Жиынға барлық сынып оқушылары мен ата-аналар, аудандық білім беру ұйымынан келген қонақ және ауыл тұрғындары қатысты. Мерекеге арнайы қонақтар: аудан әкімі Мұхамедин Ерлан Қыздарбекұлы, аудандық мәслихатының хатшысы Абилов Бегіндік Қуандықұлы, әдістемелік орталық меңгерушісі Контарбаева Айжан Канатбековна шақырылды. Салтанатты жиында аудан әкімі Мұхамедин Ерлан Қыздарбекұлы, мектеп директоры Балтабавеа Динара Куттыбаевна мерекеге арнаулы құттықтау тілектерін айтты.

Бұл шараның мақсаты 1-сынып оқушыларын салтанатты түрде мектеп табалдырығына қабылдау, оқушылардың бойына Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, рухани мәдениетін арттыру, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

2. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында 1-11 сынып жетекшілері  «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.

3..  Жаңа оқу жылының басталуына байланысты республикалық онлайн акцияға қатыстық. «Менің жарқын жазғы оқиғаларым» атты республикалық онлайн акцияға балалар белсене қатысты.

4. «Шындыққа жаны жақын Төлеген Қажыбай» атты тақырыпта сынып жетекшілер адалдық сағатын өткізді.

        Іс-шараны өткізудің мақсаты – оқушыларға отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасын құрметтеуге, ата-ананы, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.

5 қыркүйек күні «Қазақстан халқының тілдер мерекесі» күні аясында «Тіл тіршілік тірегі» тақырыбында эссе жазылды.

         5. «Қазақстан халқы тілдері» күніне арналған «Тілім менің байлығым» атты тақырыпта  мәнерлеп оқу ұйымдастырылды.

Танымдық сабақтар,  дөңгелек үстелдер өткізілді. Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай оқушылар жыр шумақтарын арнады.

6. Отбасы тәрбие басы, шағын мемлекет. Отбасы ең құнды ошақ. Биылғы жылы Отбасы күні қыркүйекке келді. Осы күнге орай «Отбасы бақыт мекені» желісінде бейнебаяндар әзірленді.

7. Тілдер онкүндігі аясында 8- сынып оқушылары ауданымыздың ардақты ардагері Алиякбаров Амангелді ақсақалымен аудандық мұрағатта кездесу өткізді.

8. «Тілдердің теңдігі ұлттардың теңдігі» тақырыбында шығармалар байқауы өткізілді. Тілді құрметтеу, өз тілінің жанашыры болуға жетелеген байқауға қатысушылар марапатталды.

9. «Оқуға құштар мектеп» бұрышы әр сыныпта жасалып, кітаптар қойылды. Мақсаты: оқушылардың оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру, кітапты құрметтеу, сыйлау.

10. «Мектеп президентін сайлауы өткізілді. Үміткерлер өз кандидатын ұсынып, видео мен қағаздарын тапсырды. Сайлаудың қоырытындысы бойынша Жұмажан Гүлназ мектеп президенті болып тағайындалды.

11. Оқушылардың өзін өзі басқару ұйымының негізіг мақсаты оқушылардың мектепті басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, өз бетімен шешім қабылдай алатын, жауапты және тәртіпті, дербес таңдау жасауға дайын, белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасқан қабілетті көшбасшы тәрбиелеу болып табылады. Өзін өзі басқару ұйымының алғашқы отырыс өтті. Отырыста мектеп президенті мен парламентін сайлау жұмыстары талқыланды.

12. СЫбайлас жемқорлыққа байланысты сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: «Сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білідіріп, дүниетанымын кеңейту.

Талғат Бигельдиновтың жылдығына байланысты патриоттық, танымдық сабақтар өткізілді.

13. Ұстаздар күніне байланысты оқушылар құттықтау бейнебаяндар түсірілді.

 14. «Әділет» дебат клубының қыркүйек айын жоспарланған іс шара өткізілді. Дебат мүшелерінің қатысуымен «Интернетсіз жастар» атты дебат ұйымдастырылды.

15. Қазан айында «Қарттарым- асыл қазынам» тақырыбы  аясында іс-шара ұйымдастырылып, онда Жас Ұлан Ұйымы жалғызілікті қарттарға қол көмегін көрсету мақсатында үйлеріне барып қол ұшын тигізіп көмектесті. Өзін өзі басқару ұйымы қарттардың үйлеріне барып, сыйлықтарын берді. Мақсаты рухани адамгершілік тәрбие беруоқушыларды  үлкенді сыйлап тыңдай білуге, мейірімділікке, инабаттылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

   16. Қазанның 7-сі мен 11-сі   аралығында Алтын күз мерекесіне байланысты 1-8 сынып аралығында  «Берекелі, Алтын күз» тақырыбында күзгі қолөнер бұйымдарын жасап, суреттер салынды. Мақсаты:  оқушылар бойына   күздің берекесі мен байлығын сезіндіру, шығармашылық өнерлерін дамыту мақсатында өткізілді.

17.  Қыздар клубының жетекшісі  «Қызға қырық үйден тыйым» атты тақырыпта дәріс оқып, ақыл берді.

18. Мектебіміздің Психологы  Абдраева Ш.А. «Қызға -нәзіктік»  тақырыбында 6-8 сынып қыздарымен пікірталас өткізді

14. Қазан айында 2р сынып жетекші кезектен тыс    ата-аналар жиналысын өткізді.  Сынып жетекшілері беріліп 1-11 сынып жетекшілері  І-тоқсан қорытындысы бойынша ата-аналарға мәлімдеме жасап, оқушылардың үлгерімі мен тәртібі туралы айтып .өтті.

15.« Мұз қату кезіндегі балалар және оқушылардың мұз үстіндегі қайғылы жағдайларын ескерту Ережесімен»  таныстырды

16. Жылу маусымы кезіндегі газдан, пештен болатын өрт және түтіннен уланудың алдын алу Ережесі туралы  ата-аналарға түсіндіріп, қауіпсіздікті сақтау әр ата-ананың міндеті екенін қатаң ескертіп өтті.

14. Қараша айында  Ұлттық Валюта күніне байланысты сынып сағаттары өткізілді. Тәлімгер Асылбеква Б.Б. «Ұлттық Теңге-ұлт мақтанышы» тақырыбында танымдық сабақ өткізді.

Мақсаты: оқушыларға азаматтық-патриоттық тәрбие беру, ұлттық валютаның маңызын, ел үшін мақтанышын түсіндіру.

15.  Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күніне орай мектеп дәрігімен кездесулер өткізілді. Дәрігер оқушыларға  тақырып бойынша  дәріс оқып, сұхбаттасты . Мектеп Психологы   7-8 сынып оқушыларымен «Өмір сен қымбатсың маған» атты тренинг өткізді.

Мақсаты оқушыларға өмірдің адам үшін қаншалықты қымбат екенін түсіндіріп, өмірге деген құштарлығын арттыру.

18. Желтоқсан айында   Рухани жаңғыру бағдарламасын  іске асыру мақсатында  ҚР Тәуелсіздігіне байланысты апталық іс шара ұйымдастырылды. «Тарихи шежіре» атты тақырыпта мектебіміздің кітапханашысы Калиева М.С. кітап көрмесін ұйымдастырды.

19.  «Желтоқсан оқиғасы демократиялық жаңғыруға жол» атты тақырыпта тарих пәнінің мұғалімі Даиров С.З. дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: желтоқсан оқиғасын терең зерттеп, оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу.

20. Мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі «Жарқын болашақ иесі - бүгінгі жас маман» атты тақырыпта жас мамандармен  тренинг өткізді.

21. Тіл мамандары «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» ақындар мүшайрасын өткізді.

22. Мектебіміздің мұғалімдері, аға тәлімгері, тәрбие ісінің меңгерушісі, психологы,директоры «Әкелер жолы - ізгі жол» әкелермен кездесу кешін өткізді. Әр сыныптан әкелер келіп, тренинг сабағына қатысып, соңында кофе брейк пен волейбол ұйымдастырылды. Әкелер жылы лебіздерін білдіріп, марапаттау қағаздарына ие болды.

23. Желтоқсан айында   Аға Тәлімгер Асылбекова Б.Б. оқушыларды  салтанатты түрде Жас Ұлан Ұйымына қабылдады.    Мақсаты оқушыларды азаматтық-патриоттыққа тәрбиелеу.

24. Желтоқсанның 28-і  күні  сағат 10: 00-ден бастап, 0-11 сынып аралығында «Қош келдің Жаңа жыл» атты  шырша мерекесі өткізілді. Ертеңгілікке барлығы оқушылар қатыстып, Аяз атаға арнап ән салып, би билеп өз өнерлерін көрсетті.

Жаңартылған күні: 11.01.2023 15:28
Құрылған күні: 15.11.2024 01:09

Текст