"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие жұмысы

Мақсаты:

Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.

Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;

Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Матем» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.

Барысы:

Мұғалім:

Армысыздар құрметті қонақтар және ата-аналар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.

 Алғашқы құттықтау сөз кезегі мектебіміздің басшысы Балтабаева Динара Құттыбаевнаға беріледі.

1-оқушы:

Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достассаң

Әліппеміз қоштаспақ.

2-оқушы:

Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке

Риза боп соған жүреміз,

Сүйікті біздің Әліппе.

3-оқушы:

Біз жазамыз ана деп,

Біз жазамыз дана деп.

Біз жазамыз қала деп,

Біз жазамыз дала деп.

4-оқушы:

Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес,ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.

Мұғалім:

-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!

 

Әліппе:

Армысыздар жас достар!

Армысыздар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Не үйреніп, не білдік,

Қане, ортаға салайық!

Мұғалім:Балалар әліппеге арнап айтатын тақпақтарың бар ма?

5-оқушы:

Әліппем менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

6-оқушы:

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріпте,

Оқимыз қазір кітапты,

Үйреткен оны Әліппе!

7-оқушы:

Бар кітапқа бас болған.

Әліппе ғылым анасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

8-оқушы:

Іші толы әріпке

Мынау әйбат Әліппе.

Барлық ілім-білімнің,

Әжесі осы Әліппе.

Мұғалім:

Қане бері  қарайық,

Зейін қойып тыңдайық

Әріптермен танысу

Тақпақтардан бастайық.

Енді ортаға әріптерді шақырайық.

«ОТАН»  сөздері шығатындай

9-оқушы:

Оспан да өлең жаттады,

Олжас та өлең жаттады.

Мына менен басталған

Екеуінің аттары.

10-оқушы:

Торғай, торғай, торғайсың

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тонбайсың.

 

11-оқушы:

Астана- Астанам,

Астана-бас қалам.

Ардақтап атыңды,

Аузымнан тастамаймын.

12-оқушы :

Ас біткеннің атасы

Қасиетті «нан» осы.

Қайсы әріптен басталып

Аяқталғанын қарашы.

Мұғалім :Балалар , әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерін ата-ана үшін де ,мен үшін де үлкен қуаныш.Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік. Рахмет саған «Әліппе».(хормен)

Ал, енді алфавиттегі алғашқы үш әріпті атайықшы

-А, Ә, Б.

13-оқушы: 

Алфавиттің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Байқадың ба Б тұрады үшінші,

Ал, осының сыры неде түсінші.?

14-оқушы

А деген ол-аналар ғой ардақты,

Ә деген ол-әкелер ғой салмақты.

Б деген ол-балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі

Алшақ кетпей сондықтан да расында,

Тұрады олар алфавиттің басында.

Қыздардың орындауында би.

Мұғалім:Ретімен тізбелі

 Әрбір санды даралап,

 Қайсың барсың бізге енді

 Айтып берер санамақ?

Кәне балалар, санамақ айтайық

1-оқушы:

1 дегенім- бесік,

 Шықтың содан өсіп.

 2 дегенім – елім,

 Далам, тауым, көгім.

 3 дегенім – үміт,

 Үміт артар жігіт.

4 дегенім – төзім,

 Төзе білем өзім.

 5 дегенім – бақыт,

 Бағалайтын бақыт.

 

2-оқушы:

  6 дегенім – ақыл,

 Тыңдағаның мақұл.

7 дегенім – жалау,

 Жүректегі алау.

8 дегенім – сөзің,

 Серт беретін кезің.

9 дегенім – тоқтау,

 Елдің жоғын жоқтау.

10 дегенім – Отан,

Қорға соңы, ботам

Мұғалім:Балалар, Әліппеге арналған тақпақтарымызды жалғастырайық.

15-оқушы:

«Әліппе» даңғыл жол ашты

Жаңадан пәндер жалғасты

Әліппе сырын ұқтырған

Рахмет ұстаз алғашқы.

16-оқушы:

Қош бол,құтты Әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

17-оқушы:

Мынау менің Әліппем,

Көгілдір тудың түсіндей.

Ақылшы жақын досымдай,

Қымбатты маған кісідей.

18-оқушы:

Бірінші беттен елімнің,

Елтаңбасын таныдым.

Көк байрақты қазақтың,

Ұрпағымын,сәнімін.

19-оқушы:

Білімге жолды бастаған,

Әліппем саған мың алғыс.

Оқы деп ұран тастаған,

Әліппем саған мың алғыс.

Ән «Үйретеді мектепте»

20-оқушы:

Мектебің мынау сыныбың,

Осында он жыл тұрасың

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың

21-оқушы

Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігі

Соғылған сомдап алтыннан

Әліппе - білім бесігі

22-оқушы:

Білімнің көп қой саласы,

Әліппе соған  жолбасшы

Ғылымның қиын жалғасын

Басқа кітаптан табарсың!

23-оқушы:

Әке, шеше, атын сен,

Бізге үйреттің Әліппе

Бізге жақын нағыз сен,

Сенен білдік әріп ті

24-оқушы:

Ізгілікті ойға тоқитын,

Шәкірт боп үздік оқитын.

Әліппе атты кемемен,

Кеземін Білім мұхитын.

Хор «Рақмет саған Әліппе»

Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.

Ана тілі сөйлейді:

Туған елдің тілімін,

Ақылыммен таныламын.

Түсіндірер бәріне,

Ана тілі пәнімін.

-Балалар, енді сендер мені оқитын боласыңдар, ынтамен оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер.

-Мен сендерге жұмбақтар айтайын, сендер шешіңдер:

1. Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама (кітап)

2. Тақтада жазып, жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған (бор)

3. Үйреткен білімді,

42 білімді (алфавит)

4. Алты түрлі түсі бар,

Сурет салар ісі бар (қарындаш)

 -Рахмет, балалар, жарайсыңдар!  Мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.

Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!

 

«5» болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз,

Өнер-білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)

Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе!

Хор: «Рахмет саған Әліппе»

Мұғалім:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға ана тілін аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз!

  Осымен біздің әліппемен қоштасуға арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға көп рахмет.

«Ақмола облысы білім басқармасының  Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының  №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қош бол, сүйікті Әліппе!»

1     сынып

 

 

Өткізген : Баязова Г.Ж

 

 

 

 

 

 

 

 

2022-2023 оқу жылы

 

Жаңартылған күні: 11.01.2023 15:38
Құрылған күні: 11.01.2023 15:38

Текст