Текст
Бүгін мектебімізде жүрек тебірентер ерекше сәт орын алды.. 9-сынып түлектеріне салтанатты түрде аттестаттар табысталды.
Бұл күн — тек кұжат алу рәсімі ғана емес, әрбір оқушының балалықпен қоштасып, үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамы. Ұстаздардың ақ тілегі, ата-аналардың ақ батасы мен шәкірттердің жүрек лүпілі бүгінгі күнге ерекше шуақ сыйлады.
Қымбатты түлектер! Бұл аттестат — тек білім құжаты емес, сіздердін табандылықтарыңыз бен еңбектеріңіздің жемісі. Алда талай жаңа белес, жаңа мүмкіндіктер Армандарыңыз алдыңыздан шығып, жолдарыңыз ашық болсын!