Текст
Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Ағымдағы жылдың қаңтар айының 30.01.23—10.02.23 күндері аралығында оқушыларымыздың кәсіптік бағыт —бағдар беруге арналған "Ата-ана өндірісінде 10 күн" атты жоспар құрылып, бүгінгі таңда өз жұмысын жоспарға сай 9—11сынып оқушыларымен «Кәсіби өзін тану және қалыптасу» тақырыбында аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығына барып қайтты. Ең алдымен мекеменің орталық тарихы, құрылымы, мамандықтар жайлы ақпаратты оқушылардың назарларына ұсынды. Кейін оқушылармен диалог жүргізіліп, ақпараттар берілді. Оқушылар қызықтыратын сұрақтарын қойып, өздеріне қажет ақпараттарын алды.