Текст
18.10.2023
Бүгін 18.10.2023 күні 8 ресурс сыныбына география пәнінен сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы " Тау жыныстары" презентация көрсетілді. Оқушылармен таныстырып, картаны пайдаланып қызықты ойындар өткізілді. Пән мұғалімі Ахметова Д.С.
18.10.2023
Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде күнделікті оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады және қосымша жеміс жидекпен тамақтанады. Ас мәзірінде әртүрлі тамақ болады. Күн сайын тамақ мәзірі өзгертіліп тұрады. Ас болсын!
18.10.2023
Бүгін, 18.10.23 күні 8-ресурс сыныбында қазақ әдебиеті сабағы болып өтті. Оқушылар сабақты "Жүректен жүрекке" тренингі арқылы бастап, бір - біріне жылы тілектерін айтты. Келесі кезекте оқушылардың үй жұмысына дайындап келген таныстырылым жобалары тыңдалды. Оқушылар асқан жауапкершілік танытып, жоба жұмысын даярлаған. "Би Темірге бірінші толғау" тақырыбы бойынша аудиомәтін тыңдап, топтық жұмыста кестелік талдау жасады. "Бес саусақ" әдісі арқылы Шалкиіз жырауға қатысты ақпараттарды жұптаса отырып талқылады. Сабақ соңында "Екі жұлдыз, бір тілек" әдісі арқылы сабақ бойынша ойларын стикерде жазып қалдырды. Оқушылар сабақта белсенділік танытып, әр тапсырманы қызығушылықпен орындады. Оқушыларға сәттілік тілеймін! Пән мұғалімі: Алиякбарова А. С.
17.10.2023
Бүгін,17.10.2023 күні 8-ресурс сыныбында көркем еңбек сабағы болып өтті.Тақырыбы" Әшекейлерді пайдалана отырып сәндеу"Мақсаты: Оқушылар бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру,ұлттық құндылығымызды бағалауға баулу.Сабақ оқушылардың көңілінен шықты..Сабақ соңында оқушыларға "Гүл шоғы"естелікке сыйлық сыйланды.Пән мұғалімі:Смагулова Г.Қ
17.10.2023
Бүгін, 8-сынып Ресурс сыныбы сыныптан тыс жұмыс жоспарына сәйкес оқушылармен аудандық кітапханаға саяхат жасадық. Орталық кітапхананың кітапханашысы Жақсылық Дильназ балаларды жылы қарсы алып, танысу тренингін өткізді. Оқушылар жаңадан шыққан кітаптармен танысты. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының м.а. Асылбекова Б.Б.
17.10.2023
17.10.23 күні 8- ресурс сыныбында ағылшын тілі пәнінен " Entry test" алынды. Оқушылар өздерін таныстырып, қызуғышылықтарымен бөлісті.
17.10.2023
17.10.23 күні ресурстық 8- сынып оқушыларына биология пәнінен “Адамның асқорыту жүйесінің құрылысы” тақырыбында сабақ өткізілді.Сабақ барысында оқушылар топтық,жұптық,жеке жұмыстар жасай отырып сабаққа белсене қатысты.
17.10.2023
Бүгін, 17.10.2023 күні 8-ресурс сыныбында геометрия сабағы болып өтті. Трапеция және оның қасиеттері тақырыбы бойынша оқушылармен тапсырмалары орындатылды. Пән мұғалімі : Мықтыбек О.М.
17.10.2023
Бүгін, 17.10.2023 күні 8-ресурс сыныбында қазақ тілі сабағы болып өтті. Сабақ басында оқушылар пән бойынша кіріс сынағын орындады. "Өмірлік құндылықтар" тақырыбы бойынша оқушылармен талқылау жұмыстары жүргізіліп, мәтін бойынша жеке талдау тапсырмалары орындатылды. Тапсырма барысында оқушылар құндылықтар туралы ойларын еркін айтып жеткізе білді. Сабақ соңында " Білім қоржыны" әдісі арқылы өзін-өзі бағалау жүзеге асырылды. Пән мұғалімі :Алиякбарова А. С.
17.10.2023
"Дарын"Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған "Кенгуру"ойын конкурсына 4 сынып оқушылары қатысып, жүлделі I, II, III орындарды иеленіп,дипломдармен марапатталды. Оқушыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сынып жетекшісі: Абишева Жанат Балтабаевна