Текст
20.10.2023
20.10.23 күні ресурс оқушыларына биология пәнінен сабақ өткізілді.Сабақ барысында оқушылар топтық,жұптық,жеке тапсырмалар орындай отырып,сабаққа белсене қатысып ,сабақ қызықты өтті. Пән мұғалімі: Залучуд А.
20.10.2023
Бүгін, 20.10.23. күні 8-ресурс сыныбында қазақ әдебиеті сабағы болып өтті. Сабақ барысында оқушылар "Би Темірге бірінші толғау" тақырыбы бойынша тапсырмалар орындады. Кестелік талдау, ВЕНН диаграммасын толтыру арқылы Шалкиіз жырау мен Жиембет жыраудың өмірі мен шығармашылығын салыстыра білді. Оқушылар тапсырмаларды белсенділікпен орындап, сабақ көңілді өтті. Сабақ барысында оқушылардың ортаға бейімделіп қалғандары байқалады. Сабақ соңында алғашқы сабақтағы "Блоб ағашы" әдісі қайта қолданылды. Оқушылардың алғашқы сабақ пен соңғы сабақтағы көңіл-күйлерінде айтарлықтай ілгерілеу бар екені көрінді. Одан әрі сессия барысындағы сабақтарға қатысты ойлары мен тілектерін "Тілек ағашына" жазып қалдырды. Пән мұғалімі :Алиякбарова А. С.
20.10.2023
Күз - бұл өте тамаша мезгіл. Күз мезгілінде жапырақтар сарғайып, айнала алтын түске боялады. Жерге алтын кілем төселгендей болады. Арасында шыршалар ғана түсін өзгертпеген. Барлығы әсерлі, өте керемет. Осындай әсерлі күнде, 19.10.2023 күні мектепте «Күз -береке, Күз -мереке» атты тақырыпта байқау болды. Сыныптар өздерінің тамаша өнерлерін көрсетті және де түрлі дәнді-дақылдар мен жеміс-жидектерден керемет туындылар жасап шығарды. Балалар үшін бұл байқау өте керемет өтті. Бәрі де көңілді болды. Күз кереметі осы шығар..... Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының м.а Асылбекова Б.Б.
19.10.2023
Бүгін, 19.10.2023.күні 8-ресурс сыныбында қазақ тілі сабағы болып өтті. Сабақ барысында оқушылар, топта, жұпта, жеке жұмыстар орындап бір-бірінің ойларын толықтырды. Тақтада жұмыс жасау арқылы, морфологиялық талдау жасады. Сондай-ақ, "Бақыт дегеніміз..." тақырыбында берілген мәтін негізінде диолог құрастыру арқылы жұпта жұмыс жүргізді. Сабақ соңында" Табыс баспалдағы" әдісі арқылы өздерінің сабақ бойынша жетістіктерін саралап рефлексия жасады. Пән мұғалімі: Алиякбарова А. С.
19.10.2023
Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде күнделікті оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады.Аз қаржыландырылған көпбалалы отбасының және бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қосымша жеміс жидекпен тамақтанады. Ас мәзірінде әртүрлі тамақ болады. Күн сайын тамақ мәзірі өзгертіліп тұрады. Ас болсын!
19.10.2023
18 қазан күні қарттар айлығы мерекесіне орай «Қарттарым - асыл қазынам» тақырыбында ауданымыздың қарттарымен дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға мектебімізге келген ресурстық орталықтың оқушылары да келді. Балалар қарттарымызға өздерінің сұрақтарын қойды. Қарттарымыз өздерінің мектеп кезіндегі, балалық шақтарында болған қызықты оқиғаларымен бөлісті. Ауданымызға еңбегі сіңірген ардагерлер көп жылғы адал еңбек пен қиын қыстау өмір жолдарын естеріне алып, әңгемелеп берді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының м.а. Асылбекова Б.Б. #біртұтас_тәрбие #aqmola_oblysy_birtutas_tarbie #medetbekovameruert
18.10.2023
18.10.23 күні мектебімізде инклюзивті білім беру жағдайында сабақтың тиімділігі мен сапасын арттырудың жолдары мен қүралдары тақырыбында отырыс өткізілді. Отырыс барысында инклюзивті білім беру бойынша мұғалімдер өз ойларымен бөлісіп ,қысқа мерзім жоспарын дайындау үлгісі таныстырылды.
18.10.2023
Бүгін, 18 қазан күні 8 сынып ресурс орталық оқушыларымен информатика пәнінен "Компьютерді пайдаланудың теріс аспектілері" тақырыбында сабақ өткізілді. Оқушыларға лего конструкторы мен 3 D принтері таныстырылды, және де ардуино микроконтроллер туралы ақпарат берілді. Оқушылар конструкторлармен танысып, құрастырып көрді.
18.10.2023
18.10.23 күні 8- ресурс сыныбында ағылшын тілі пәнінен " The history of jeans " тақырыбынан сабақ өткізілді.Сабақ барысында оқушылар үш топқа бөлініп, топтық жұмыс атқарды.Оқушылар мәтінмен жұмыс жасады ,өздерінің жобаларын қорғады.Сабақ соңында оқушылар каспий терминалы арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы жазды.Ағылшын тілі пәні мұғалімі Шахман М.А.
18.10.2023
Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 сынып оқушылары атты қолөнер жұмысын жүргізді. Мақсаты: Оқушыларды еңбекқорлыққа, сыйластыққа, құрметке тәрбиелеу. Сынып жетекшісі Абишева Жанат Балтабаевна.