Текст
11.12.2023
2023-2024 оқу жылында облыстық білім басқармасының жұмысына сай, Егіндікөл ауылыныі №1 жалпы білім беретін мектебінде, “Психология апталығының” жұмысы ұйымдастырылды. Мақсаты: психологиялық қызметтің жұмысын насихаттау, педагогтардың, оқушылардың ынтымастық жағдайда өмір сүріуіне жағдай жасау,оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру.
11.12.2023
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. #біртұтас_тәрбие #aqmola.oblysy.birtutas_tarbie #medetbekovameruert
08.12.2023
Желтоқсан айындағы жоспар бойынша жүргізілген Қазақстандағы код сағаты — 2023 акциясынан үзінді. өткізген информатика пәні мұғалімі Калиева М. С.
06.12.2023
2023 жылдың 6 желтоқсанында код сағаты апталығы акциясын 10 сынып оқушылары жалғастырды. Кодтау Сағатының мақсаты: жасанды интеллект компоненттерді қамтитын кодтау мүмкіндіктерін ұсына отырып, код сағатын жаңа биіктерге шығару.
06.12.2023
Мектеп кітапханасы ұйымдастырған кітап көрмесі " Кітап— алтын қазына" оқырмандарды шақырады. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», - деген еді Ғабит Мүсірепов. Дайындаған: мектеп кітапханашысы Калиева М. С.
04.12.2023
Бүгін, 04.12.23., "Казақстандағы код сағаты" акцияның жоспары бойынша код сағаты жайлы инструкциясымен таныстырылып, оқушылар тапсырма орындады.
01.12.2023
Бүгін, 1 - желтоқсан күні Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында, 9 - сынып оқушыларымен "Сіз мамандық таңдауға дайынсыз ба?» тақырыбында сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар "Менен сұрақ, сізден жауап" ситуациялық сұрақтарға жауап беріп,"Қызығушылық картасы" сауалнамасын толтырып, "Мамандық картасы" арқылы қай мамандыққа бейім екендігін анықтады.
01.12.2023
Жыл сайын, 1 желтоқсанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) шешімі мен 1988 жылы қабылданған БҰҰ Бас Ассамблеясының шешіміне сәйкес – ЖИТС – қа қарсы Халықаралық күрес күні. Биыл ол “Халықаралық ынтымақтастық-ортақ жауапкершілік!» ұранымен өтеді. Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күнінің мақсаты-АҚТҚ/ЖИТС туралы жаһандық хабардарлықты арттыру, індетке қарсы күресте қоғамның күш-жігерін жандандыру және пандемия жағдайында халықаралық ынтымақтастықты көрсету. Барлық мемлекеттік және жеке құрылымдардың ұйымдастырылған күш-жігері АҚТҚ/ЖИТС-тың таралуының алдын алу бағдарламаларын қолдауға, оқуды ұйымдастыруға және АҚТҚ/ЖИТС-тың барлық аспектілері бойынша ақпарат беруге бағытталған. Осы күнге орай мектебіміздің медбикесі мен ТІЖО м.а. ЖИТС туралы 7-11 сынып оқушыларымен ақпараттық сағатын өткізді. Мектеп медбикесі: Айткенова Ревека Серикжановна. ТІЖО м.а. Асылбекова Б.Б. #біртұтас_тәрбие #aqmola.oblysy.birtutas_tarbie #medetbekovameruert
30.11.2023
Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде күнделікті оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады.Аз қаржыландырылған көпбалалы отбасының балалары тегін тамақ және қосымша жеміс жидекпен тамақтанады. Ас мәзірінде әртүрлі тамақ болады. Ас болсын!
30.11.2023
Бүгін профорентациялық жоспарға сай 9- сыныптың ата - аналары мен мұғалімдері Агротехникалық коллеждге саяхат жасады. Ондағы мамандықтармен танысты. Ата-аналардың біразы балаларын 9-сыныптан кейін Агротехникалық коллеждге түсіретіні туралы айтты. Профорентация жетекшісі:Шаймардан Х. ТІЖО м.а. Асылбекова Б.Б.