Текст
30.11.2023
Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде күнделікті оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады.Аз қаржыландырылған көпбалалы отбасының балалары тегін тамақ және қосымша жеміс жидекпен тамақтанады. Ас мәзірінде әртүрлі тамақ болады. Ас болсын!
30.11.2023
Бүгін профорентациялық жоспарға сай 9- сыныптың ата - аналары мен мұғалімдері Агротехникалық коллеждге саяхат жасады. Ондағы мамандықтармен танысты. Ата-аналардың біразы балаларын 9-сыныптан кейін Агротехникалық коллеждге түсіретіні туралы айтты. Профорентация жетекшісі:Шаймардан Х. ТІЖО м.а. Асылбекова Б.Б.
29.11.2023
Безопасность на льду
29.11.2023
Бүгін ауданымыздың имамы Орманов Айдын 8-11 сыныптармен "Арбау әдістері" тақырыпта лекция өткізді.#біртұтас_тәрбие #aqmola.oblysy.birtutas_tarbie #medetbekovameruert
27.11.2023
Бүгін "Тіл мен тарих-ғасырлар куәсі" атты қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігі онкүндігінің жабылу салтанаты өткізілді. Онкүндік нәтижесі бойынша ашық сабақ пен тәрбие сағаттарына қатысып, білімдерін шыңдаған сыныптар мен сыныптан тыс өткізілген жарыстарда жүлделі орындарға ие болған оқушылар мақтау қағаз, Алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды
24.11.2023
Бүгін, 24.11. "Біз біргеміз" атты тақырыбында қыздармен дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың бойындағы күйзелістерді жою. Оқушыларды бір-біріне қарым-қатынас ұғымымен таныстыру. Өткізген: "Инабат" клубының жетекшісі Смагулова Г. К. Мектеп психологы Абдраева Ш.А. ТІЖО м.а. Асылбекова Б.Б.
24.11.2023
Сегодня в соответствии с планом гуманитарной декады с 7 «А» классом состоялось воспитательное занятие на тему «Родина начинается с семьи». Цель: объяснить особую роль родителей в воспитании ребенка. Формирование братских и дружеских отношений между членами семьи, понимание того, что семья является частью нашего государства, воспитание у студентов солидарности и коллективизма. Классный руководитель: Асылбекова Б.Б.
24.11.2023
Бүгін 24.11 күні теолог Сүлейменов Жандаулет "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" мұғалімдерге ақпарат берді. #біртұтас_тәрбие #aqmola.oblysy.birtutas_tarbie #medetbekovameruert #республика_күні
23.11.2023
Бүгін 23.11. Гуманитарлық бірлестігінің онкүндік жоспарына сай 7 "Ә" -сынып оқушыларымен "Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы мазмұнын түсіне отырып, шығарма эпизодтарындағы бейнелерді табу, ақын әрекетіне баға беру. Оқушылар сабақта жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындап сабаққа белсене қатысты. Жумажанова Дильназ бен Нұрдаулет Ербол айтыс өнерінің шағын эпизодын көрсетті. Пән мұғалімі: Асылбекова Б.Б.
23.11.2023
Бүгін сағат 15.00-де мектеп мұғалімдерінің кезектен тыс отырысы өтті. Мектеп әкімшілігі педагогтар ұжымын аттестацияның жаңа талаптар жобасымен таныстырды. Мұғалімдер жобаны талқылап, ұсыныстарын ортаға салды.