Текст
20.11.2023
2030- жылғы 20-30 қараша аралығында ауылдық мектеп оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өткізіледі.Соған орай бүгін мектебімізде олимпиаданың ашылу салтанаты болып өтті.Оқушыларға сәттілік!
17.11.2023
Бүгін, 17 қараша күні 5 а сыныбында “ Ұлттық құндылықтарды бойда дамыту” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.Сабақ басында оқушылар “Асық беру” арқылы бір- біріне деген жылы лебіздерін білдірді.”Бәйге” ойынында екі топ өзара жарысып, білімдерін көрсетті. Сонымен қатар оқушылар “ Асық атудың” элементін көрсетіп, заманауй ойындардың зиянын айтып берді.7 күн әдісі арқылы жоба қорғап, қыздар “ Көрікті шаш” , шаш өру үлгісімен бөлісті. Сабақ соңында оқушылар домбыра тартып, ән айтып өз өнерлерімен бөлісті.Кері байланысқа түсіп, сабаққа деген көзқарастарын білдірді. Сынып жетекшісі: Абдраева Ш.А
17.11.2023
Бүгін, 17.11.23 күні, қағамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігі онкүндік жұмыс жоспарына сәйкес, 8-сыныпта "Отан-отбасынан басталады" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар сабақ барысында отбасылық құндылықтар туралы ой бөлісіп, мақал-мәтелдер айтып, жағдаяттық сұрақтарға жауап іздеді. "Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер" бейнебаянын көріп ойларын еркін айтты. Сабақ соңында " Бақытты отбасы" моделін ұсыну арқылы Отан - отбасынан бастау алатынын дәлелдеп берді. Сынып жетекшісі: Алиякбарова А. С.
17.11.2023
Ақмола облысы бойынша Егіндікөл ауданы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың инспекторы полиция аға лейтенанты Такенова Жанар Уалиханқызы мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы 5-8 сынып оқушылармен "Жол ережелерін білейік!" атты тақырыпта акция өткізді. Балалар жол ережелердің сақтау жолдарын қағаз беттеріне түсірді. Мектептің инспекторы Жанар Уалиханқызы сурет салып келген барлық балаларды марапаттады. #біртұтас_тәрбие #aqmola.oblysy.birtutas_tarbie #medetbekovameruert
17.11.2023
Ақмола облысы бойынша Егіндікөл ауданы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың инспекторы полиция аға лейтенанты Такенова Жанар Уалиханқызы 5-11 сынып оқушылармен алаяқтардан қалай сақтану туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. #біртұтас_тәрбие #aqmola.oblysy.birtutas_tarbie #medetbekovameruert
17.11.2023
#2ТОҚСАН#АЛТЫНСАҚА# #асықату #меніңотанымҚазақстан #мояродинаҚазақстан #меніңелім #моястрана
17.11.2023
Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 сынып оқушылары атты сынып сағатын өткізді. Мақсаты: Досыңды құрметтеу, сыйлау, қамқорлық жасау.
16.11.2023
Бүгін, 16.11.23ж күні "Қоғамдық-гуманитарлық пәндер" бірлестігі онкүндігінің жұмыс жоспарына сәйкес, 7а,ә сыныптары арасында "Сөз мерген" зияткерлік сайысы болып өтті. Мақсаты: оқушылардың алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге баулу. Түрлі деңгейде дайындалған тапсырмаларды оқушылар қызыға орындап, белсенді қатысты. Екі топтың жауаптарын бағалау барысында, 7а сыныбы жеңіске жетті.
16.11.2023
16-қараша күні "Тіл мен тарих-ғасырлар куәсі" атты қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің онкүндік жоспарына сәйкес 7Ә сыныбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен "Кавказский пленник"тақырыбында ашық сабақ өтті.Сабақ барысында:от сердца к сердцу әдісімен басталып,оқушылар топқа бөлініп,жеке және топтық тапсырмалар орындады.Кері байланыс “whatsapp”әдісі арқылы жасады.Рефлексия “дерево успеха” арқылы алынды.Пән мұғалімі: Тәжібекова Д. Б.
16.11.2023
Бүгін, 16-қараша күні "Тіл мен тарих-ғасырлар куәсі" атты қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің онкүндік жоспарына сәйкес 5-7 сыныптар арасында Тоғызқұмалақтан "Ұлттық ойындар -ұлтымыздың құнды мұрасы" атты жарыс өткізілді. Жарысқа барлығы 15 оқушы қатысып, жарыстың нәтижесі келесідей белгілі болды: 5 сынып ұлдар арасында - 1 орын иеленген Қасым Әлрасул, 2 орын иелеген - Бисимбаев Ескендір, 3 орын иеленген - Зұлқарнай Алинұр. 5 сынып қыздар арасында - 1 орын иеленген - Айткажина Ж, 2 орын иеленген - Тәңірберген І. 6-7 сынып ұлдар арасында - 1 орын иеленген Шаимов Шінәлі 2 орын иеленген – Нұржанов Хангелді 3 орын иеленген – Ран Нұрсұлтан 6-7 сынып қыздар арасында - 1 орын иеленген Шоқыбаева Ш 2 орын иеленген – Абдрахманова Р Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы оқу жылында тек табыс тілейміз.