Текст
19.10.2023
Бүгін, 19.10.2023.күні 8-ресурс сыныбында қазақ тілі сабағы болып өтті. Сабақ барысында оқушылар, топта, жұпта, жеке жұмыстар орындап бір-бірінің ойларын толықтырды. Тақтада жұмыс жасау арқылы, морфологиялық талдау жасады. Сондай-ақ, "Бақыт дегеніміз..." тақырыбында берілген мәтін негізінде диолог құрастыру арқылы жұпта жұмыс жүргізді. Сабақ соңында" Табыс баспалдағы" әдісі арқылы өздерінің сабақ бойынша жетістіктерін саралап рефлексия жасады. Пән мұғалімі: Алиякбарова А. С.
19.10.2023
Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде күнделікті оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады.Аз қаржыландырылған көпбалалы отбасының және бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қосымша жеміс жидекпен тамақтанады. Ас мәзірінде әртүрлі тамақ болады. Күн сайын тамақ мәзірі өзгертіліп тұрады. Ас болсын!
19.10.2023
18 қазан күні қарттар айлығы мерекесіне орай «Қарттарым - асыл қазынам» тақырыбында ауданымыздың қарттарымен дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға мектебімізге келген ресурстық орталықтың оқушылары да келді. Балалар қарттарымызға өздерінің сұрақтарын қойды. Қарттарымыз өздерінің мектеп кезіндегі, балалық шақтарында болған қызықты оқиғаларымен бөлісті. Ауданымызға еңбегі сіңірген ардагерлер көп жылғы адал еңбек пен қиын қыстау өмір жолдарын естеріне алып, әңгемелеп берді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының м.а. Асылбекова Б.Б. #біртұтас_тәрбие #aqmola_oblysy_birtutas_tarbie #medetbekovameruert
18.10.2023
18.10.23 күні мектебімізде инклюзивті білім беру жағдайында сабақтың тиімділігі мен сапасын арттырудың жолдары мен қүралдары тақырыбында отырыс өткізілді. Отырыс барысында инклюзивті білім беру бойынша мұғалімдер өз ойларымен бөлісіп ,қысқа мерзім жоспарын дайындау үлгісі таныстырылды.
18.10.2023
Бүгін, 18 қазан күні 8 сынып ресурс орталық оқушыларымен информатика пәнінен "Компьютерді пайдаланудың теріс аспектілері" тақырыбында сабақ өткізілді. Оқушыларға лего конструкторы мен 3 D принтері таныстырылды, және де ардуино микроконтроллер туралы ақпарат берілді. Оқушылар конструкторлармен танысып, құрастырып көрді.
18.10.2023
18.10.23 күні 8- ресурс сыныбында ағылшын тілі пәнінен " The history of jeans " тақырыбынан сабақ өткізілді.Сабақ барысында оқушылар үш топқа бөлініп, топтық жұмыс атқарды.Оқушылар мәтінмен жұмыс жасады ,өздерінің жобаларын қорғады.Сабақ соңында оқушылар каспий терминалы арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы жазды.Ағылшын тілі пәні мұғалімі Шахман М.А.
18.10.2023
Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 сынып оқушылары атты қолөнер жұмысын жүргізді. Мақсаты: Оқушыларды еңбекқорлыққа, сыйластыққа, құрметке тәрбиелеу. Сынып жетекшісі Абишева Жанат Балтабаевна.
18.10.2023
Бүгін 18.10.2023 күні 8 ресурс сыныбына география пәнінен сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы " Тау жыныстары" презентация көрсетілді. Оқушылармен таныстырып, картаны пайдаланып қызықты ойындар өткізілді. Пән мұғалімі Ахметова Д.С.
18.10.2023
Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде күнделікті оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады және қосымша жеміс жидекпен тамақтанады. Ас мәзірінде әртүрлі тамақ болады. Күн сайын тамақ мәзірі өзгертіліп тұрады. Ас болсын!
18.10.2023
Бүгін, 18.10.23 күні 8-ресурс сыныбында қазақ әдебиеті сабағы болып өтті. Оқушылар сабақты "Жүректен жүрекке" тренингі арқылы бастап, бір - біріне жылы тілектерін айтты. Келесі кезекте оқушылардың үй жұмысына дайындап келген таныстырылым жобалары тыңдалды. Оқушылар асқан жауапкершілік танытып, жоба жұмысын даярлаған. "Би Темірге бірінші толғау" тақырыбы бойынша аудиомәтін тыңдап, топтық жұмыста кестелік талдау жасады. "Бес саусақ" әдісі арқылы Шалкиіз жырауға қатысты ақпараттарды жұптаса отырып талқылады. Сабақ соңында "Екі жұлдыз, бір тілек" әдісі арқылы сабақ бойынша ойларын стикерде жазып қалдырды. Оқушылар сабақта белсенділік танытып, әр тапсырманы қызығушылықпен орындады. Оқушыларға сәттілік тілеймін! Пән мұғалімі: Алиякбарова А. С.