Текст
16.10.2023
Бүгін мектебімізде 8-ресурс сынып оқушылары өз сабақтарын бастады. Сабақ кестесі бойынша алғашқы сабақ сынып сағатынан бастау алды. Сабақтың бастамасы оқушылармен танысудан бастау алып, мектеп психологы Абдраева Ш. А. оқушылармен тренинг өткізу арқылы, оқушыларды апта бойы бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Оқушылар түрлі тапсырмалар орындап, белсенділік танытты.
16.10.2023
2023 жылғы 16 қазан күні ресурстық орталықтың 8 сынып оқушылары мектептің өлкетану мұражайына саяхат жасады. Оқушылары мектеп тарихымен танысып қызықты ақпараттар білді.
16.10.2023
2023 жылғы 16- қазан күні мектебімізде бос лауазымға конкурс өткізу жөніндегі комиссия мүшелерінің отырысы өтті.Денешынықтыру пәні мұғалімінің апталық сағат саны -18 сағат бойынша -1 кандидатура ұсынылып жұмысқа қабылдау шешімі шығарылды.
15.10.2023
Бүгін мектебімізге Ресурстық орталықтың 8-сынып оқушылары келді. Бала саны: 12.
14.10.2023
«Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің» КММ-де қазан айының 13—ші жұлдызында Еңбегі адал жас өрен жобасы аясында: "Ұлы дала перзентімін" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру. Оқушыларға адал еңбек жөнінде айта отырып,оның маңызын түсіндіріп, адал еңбек етуге баулу. Отансүйгіштікке, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
14.10.2023
Қазақстан республикасының ағарту-министрлігі"Дарын"Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған "Кенгуру"ойын конкурсына 3 сынып оқушылары қатысып, жүлделі I, II, III орындарды иеленіп,дипломдармен марапатталды. Оқушыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
13.10.2023
2023 жылдың қазан айының 13 жұлдызында кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспары аясында 9 сынып оқушыларының әртүрлі қызмет салаларына байланысты қызығушылықтары мен бейімділіктерін зерделеу мақсатында "Жеке тұлғаның кәсіби бағдарын анықтау" тақырыбы бойынша сауалнама жүргізілді.Сауалнама арқылы кәсіби бағдар беру - бұл өзін-өзі болашақ маман ретінде бағдарлау.
12.10.2023
Бүгін мектебімізде 4- сынып және 9- сынып оқушылары білім алушылардың білім жетістіктерін бақылау мониторинг тест тапсырмаларын орындады.
26.09.2023
Егіндікөл ауылының №1 жалпы білім беретін мектебінің 4 сыныбында атты сынып сағаты өтті.
28.08.2023
Мұғалімдер
Мұғалімдер
Балтабаева Динара Куттыбаевна - 1,5 ставка 10 сағат
Бекбаева Нүрия - 1,0 ставка 7 сағат
Абишева Жанат - 1,3 ставка 8 сағат
Абишева Бакытгуль - 1,5 ставка 10 сағат
Баязова Гулсим - 1,0 ставка 7 сағат
Алиякбарова Асима - 1,0 ставка 7 сағат
Бейсенова Мерей - 1,0 ставка 7...