Текст
17.10.2023
Бүгін,17.10.2023 күні 8-ресурс сыныбында көркем еңбек сабағы болып өтті.Тақырыбы" Әшекейлерді пайдалана отырып сәндеу"Мақсаты: Оқушылар бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру,ұлттық құндылығымызды бағалауға баулу.Сабақ оқушылардың көңілінен шықты..Сабақ соңында оқушыларға "Гүл шоғы"естелікке сыйлық сыйланды.Пән мұғалімі:Смагулова Г.Қ
17.10.2023
Бүгін, 8-сынып Ресурс сыныбы сыныптан тыс жұмыс жоспарына сәйкес оқушылармен аудандық кітапханаға саяхат жасадық. Орталық кітапхананың кітапханашысы Жақсылық Дильназ балаларды жылы қарсы алып, танысу тренингін өткізді. Оқушылар жаңадан шыққан кітаптармен танысты. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының м.а. Асылбекова Б.Б.
17.10.2023
17.10.23 күні 8- ресурс сыныбында ағылшын тілі пәнінен " Entry test" алынды. Оқушылар өздерін таныстырып, қызуғышылықтарымен бөлісті.
17.10.2023
17.10.23 күні ресурстық 8- сынып оқушыларына биология пәнінен “Адамның асқорыту жүйесінің құрылысы” тақырыбында сабақ өткізілді.Сабақ барысында оқушылар топтық,жұптық,жеке жұмыстар жасай отырып сабаққа белсене қатысты.
17.10.2023
Бүгін, 17.10.2023 күні 8-ресурс сыныбында геометрия сабағы болып өтті. Трапеция және оның қасиеттері тақырыбы бойынша оқушылармен тапсырмалары орындатылды. Пән мұғалімі : Мықтыбек О.М.
17.10.2023
Бүгін, 17.10.2023 күні 8-ресурс сыныбында қазақ тілі сабағы болып өтті. Сабақ басында оқушылар пән бойынша кіріс сынағын орындады. "Өмірлік құндылықтар" тақырыбы бойынша оқушылармен талқылау жұмыстары жүргізіліп, мәтін бойынша жеке талдау тапсырмалары орындатылды. Тапсырма барысында оқушылар құндылықтар туралы ойларын еркін айтып жеткізе білді. Сабақ соңында " Білім қоржыны" әдісі арқылы өзін-өзі бағалау жүзеге асырылды. Пән мұғалімі :Алиякбарова А. С.
17.10.2023
"Дарын"Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған "Кенгуру"ойын конкурсына 4 сынып оқушылары қатысып, жүлделі I, II, III орындарды иеленіп,дипломдармен марапатталды. Оқушыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сынып жетекшісі: Абишева Жанат Балтабаевна
17.10.2023
Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде күнделікті оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады.Аз қаржыландырылған көпбалалы отбасының балалары тегін тамақ және қосымша жеміс жидекпен тамақтанады. Ас мәзірінде әртүрлі тамақ болады. Ас болсын!
16.10.2023
Мектеп кітапханасында өткен сыныптан тыс іс — шара: " Кітапты сүюшілердің бәсекесі". Мақсаты: оқушылардың кітап, оның шығу тегі туралы түсініктерін толықтыру, жазушылар туралы ақпарат кеңейту. Өткізген мектеп кітапханашысы Калиева М. С.
16.10.2023
Бүгін, 16.10.2023 күні 8-ресурс сыныбында қазақ әдебиеті сабағы болып өтті. Сабақ жағымды ахуал тренингінен бастау алып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятты. Сабақ барысында топта, жеке жұмыстар орындалып, оқушыларда бірлесе жұмыс жасау дағдысы артты. Шалкиіз жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнебаян көрсетіліп, жыраудың нақыл сөздері негізінде ойтолғау жазды. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, ойларын еркін жеткізе алды. Сабақ соңында "Тілек ағашы" әдісі арқылы сабақ бойынша алған әсерлері мен келер сабаққа тілектерін жазып қалдырды. Бағалау "Блоб ағашы" арқылы жүргізіліп, оқушылардың өзін - өзі бағалауға мүмкіндік берілді. Пән мұғалімі: Алиякбарова А. С.