Текст
31.10.2023
"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндкөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ бойынша 4 сыныпта күзгі демалыста оқушылармен қосымша сабақ жүргізу барысы. Мақсаты: Үлгерімі орташа оқушыларымен негізгі пәндер бойынша білім сапасын көтеру.
31.10.2023
Күзгі демалыс іс —шараларының жоспарына сай және оқушылардың юос уақытын тиімді пайдалану, қазақ тілі және математика пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қосымша жұмыстар жүргізілді. Оқушылар өтілген тақырыптарды қорытындылау тақырыптары аясында есеетер шығарып, Wordwoll.net бағдарламасы арқылы логикалық есептер шығарды. Қазақ тілі және әдебиет пәндерінен диктант жұмыстары алынып, оқу жылдамдығы алынды. Сынып жетекшісі: Бекбаева Н. Н.
31.10.2023
30.10.23 күні каникулярлық мектеп жобасы аясында 7а сынып оқушысымен ағылшын тілі пәнінен қосымша сабақ өткізілді. Пән мұғалімі Шахман М.А
31.10.2023
Бүгін, 30-қазан күні күзгі демалыс мектебінің жоспарына сәйкес 9-сынып оқушысы Демесинова Бахытпен олимпиадаға дайындық бойынша жұмыс жүргізілді. Пән мұғалімі Балшых А.
29.10.2023
27.10.23 күні даярлық "А" сыныбында "Берекелі алтын күз" атты тақырыпта күз мерекесін атап өтті. Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы, білімдерін бекіту. Табиғат әсемділігін эстетикалық түрде сезіну. Күз көрінісін ән, би, ойын арқылы сипаттау. Жұмбақ, өлең арқылы байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту. Табиғатқа сүйіспеншілігін тәрбиелеу, қорғау, аялау сезімдерін қалыптастыру. Сынып жетекші: Смагулова Г.Қ.
28.10.2023
Бүгін 27.10 Мектебімізде мектепалды даярлық Ә сыныбының атты мерекелік іс-шара өтті. Мақсаты: оқушыларды ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу. Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата - бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, ал біздің мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып,мерекесімен құттықтаймыз. Сынып жетекшісі:Мергалиева Г.Р.
27.10.2023
Бүгін мектебімізге теолог - Сүлейменов Жандаулет "Діни экстремизмді алдын алу" тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен маңызды ақпараттық сағат өткізді. Қазіргі уақытта интернет желісінде "Діни экстремизм" туралы кері ақпараттармен абай болуды және оларды заңсыз таратуға болмайтыны туралы айтты. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Асылбекова Б.Б.
27.10.2023
Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде күнделікті оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады.Аз қаржыландырылған көпбалалы отбасының балаларыжәне бастауыш сынып оқушылары тегін тамақ және қосымша жеміс жидекпен тамақтанады. Ас мәзірінде әртүрлі тамақ болады. Ас болсын!
26.10.2023
Егіндікөл ауылының №1 жалпы білім беретін мектебінің 4 сынып оқушылары 25 қазан Қазақстан Республика күніне қарсы атты сынып сағатын өткізді. Мақсаты: Елге құрмет көрсету, сыйлау. Ән айтып, өлең оқып құттықтау. Осы күні салтанатты жиында сыныптын оқушылары Жас қыран қатарына қабылданды.
26.10.2023
Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде күнделікті оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады.Аз қаржыландырылған көпбалалы отбасының балалары, бастауыш сынып тегін тамақ және қосымша жеміс жидекпен тамақтанады. Бүгінгі ас мәзірінде оқушыларға арналған тамақ дәмді болды. Ас болсын!