Текст
25.01.2024
Lesson study -сабақтың сапасын жақсарту үдерісі. "Lesson Study" зерттеу сабағы бойынша 3— сынып оқушыларының білім деңгейін көтеру мақсатында "Негізгі және туынды зат есімдер" тақырыбында сабақ өтілді. Мұғалім сабақ барысында топтық, жұптық және жеке жұмыс түрлерін, заманауи "Wordwoll.net бағдарламасы арқылы «Барабан әдісі","Ойлан-жұптас-бөліс", “Іріктеу» әдістерін пайдалану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырды. Топ мүшелері бақылауға алынған әр баланы зерттеу жұмысын жүргізді.Сондай ақ қолданған әдіске қатысты күтілетін нәтижені нақты әрекеттер ретінде белгілеп отырды.Сабақты талдау кезінде оқушылардың әрекеті туралы ақпаратқа басты назар аударылды.Сабақ талданып, келесі зерттеу сабағы жоспарланды.
25.01.2024
Бүгін, 25.01.24., 5"а" сыныпта математика, 4 сабақ, пән мұғалімі Әсен Ж. Е. Тақырыбы: Оңдық бөлшек. Сабақ өте қызықты өтті, оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру мақсаты жүзеге асты. Мұғаліммен оқушылардың қарым - қатынасы жақсы, пәнге қызығушылықтары жоғсры болып оқушылар жарыса есептер шығарды.
24.01.2024
Егіндікөл ауылының №1 ЖОББМ жаратылыстану- математикалық бірлестігінің онкүндігі барысында үзілісте өтіп жатқан танымдық ойындар: ЖМБ жетекшісі Калиева МС.
24.01.2024
Мектебіміздің жаратылыстану-математика бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан онкүндік аясында информатика пәнінен 10- сынып оқушыларымен "HTML тілі құжатында графиканы қолдану" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ мақсаты: НTML -де құжатқа суреттік графика орнатуды білу. Пән мұғалімі: Шаймардан Х
23.01.2024
Бүгін, 23.01.24, 5 сынып оқушылар арасында " Логикалық есептер" атты интеллектуалдық ойын өтті. Мақсаты: оқушылардың ой- өрісін арттыру, математикаға деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Ойын барысында оқушылар және ұстаздар математиканы меңгеріп, есептеу қасиеттерін дамытып, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытты.
23.01.2024
Бүгін 23.01.2024 7"А" сыныпта ашық сабақ өтті. Тақырып: «Топырақтың экологиялық проблемалары және оларды қорғау». Мақсаты :Топырақтардың экологиялық проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын түсіну.
22.01.2024
Бүгін, 22.01.24., Егіндікөл ауылының №1 ЖОББМ- нің ЖМБ оңкүндігінің ашылу салтанаты өтті. Онкүндіктің тақырыбы: "Әлем нақты ғылымдар тілінде". Мақсаты:" Бәсекеге қабілетті, көпбейінді оқытудың талаптарына сай жаңа технологиялар негізінде құзырлы, шығармашыл, экологиялық санасы жоғары тұлғаны қалыптастыру". Салтанатты жиін ҚР әңұранымен басталды. Ұстаздар мен оқушылар оңкүндік жоспарымен таныстырылды. Сонымен қатар, қызықты ойындар ойнатылып, жеңіске жеткендер өз сыйлықтарын алды. " Іске сәт" деп әрі қарай сабақтар барысында жоспарымызды орындауға кеттік.
22.01.2024
Бүгін, 22 қаңтар күні жаратылыстану-математика пәндер онкүндігінің жоспарына сәйкес 7-8 сыныптар арасында "Жұлдызды сәт" атты интеллектуалдық ойын өтті. Мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа баулу,ұйымшылдыққа баулу,ойын барысында химиялық-физикалық терминдерді қолдану мәдениетін,олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
20.01.2024
⚡️АСТАНАДАҒЫ ДИРЕКТОРЛАР ФОРУМЫНА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ 1200-ДЕН АСТАМ БАСШЫСЫ ЖИНАЛДЫ
20.01.2024
⚡️АСТАНАДАҒЫ ДИРЕКТОРЛАР ФОРУМЫНА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ 1200-ДЕН АСТАМ БАСШЫСЫ ЖИНАЛДЫ