Текст
20.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласы, Ақмола, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары мемлекеттік мектептері директорларының қатысуымен «Заманауи мектепті басқару: трендтер және болашақ» тақырыбындағы форумы өтті
20.01.2024
АСТАНАДАҒЫ ДИРЕКТОРЛАР ФОРУМЫНА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ 1200-ДЕН АСТАМ БАСШЫСЫ ЖИНАЛДЫ
19.01.2024
Науқан 17 қаңтардан басталып, 2024 жылдың 17 ақпанына дейін жалғасады.
19.01.2024
Науқан 17 қаңтардан басталып, 2024 жылдың 17 ақпанына дейін жалғасады.
18.01.2024
2024 жылдың 18 қаңтар күні Егіндікөл ауданы мәдениет үйінің жанындағы спортзалда 9-11 сынып аралығында "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырумен баскетболдан жарыс өтті, жарысқа біздің мектептен 9-11 сынып аралығында оқушылар қатысты.
16.01.2024
Бүгін, 16-қаңтар күні "Жас мамандар" жұмыс жоспарына сәйкес жас мамандармен кезекті отырыс өткізілді. Жылдық жоспары таныстырылды. Жас мамандар сауалнама толтырып, алғаш мектепке келген күн мен бүгінгі таңдағы әсерлерімен бөлісті. Жас мамандар ұжыммен тіл табысып, балалар жүрегіне жол таба алғандығы байқалды
10.01.2024
Құрметті ауыл тұрғындары мен аудан кәсіпкерлері! Сіздерді ағымдағы жылдың 10 қаңтардан 10ақпан аралығында өтетін «Жүрек жылуы» атты Республикалық қамқорлық қайырымдылық акциясына қатысып, атымтай жомарттық танытып, көмек көрсетулеріңізді сұраймыз! Қамқорлық қайырымдылық акциясының басты мақсаты- әлеуметтік күнкөрісі төмен, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына қолдау көрсету Балаларға қаржылай, киім-кешек, аяқ-киім, оқу құрал-жабдықтарымен және т.б. көмектесуге болады. Акцияға қатысу үшін Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебіне 87164221494 нөмірі бойынша қоңырау шалуларыңызға болады.
03.01.2024
Бүгін қысқы демалыстың жоспарына сәйкес "Ұлттық ойындар" өткізілді. Денешынықтыру пән мұғалімдері: Ажмағамбет С.Ө. Санах А. #2ТОҚСАН#АЛТЫНСАҚА# #асықату #меніңотанымҚазақстан #мояродинаҚазақстан #меніңелім #моястрана #біртұтас_тәрбие #aqmola.oblysy.birtutas_tarbie #medetbekovameruert
03.01.2024
Бүгін, 3-қаңтар күні қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің отырысы өткізілді. 1-жартыжылдық қорытындысына талдау жасалынды. Lesson study бойынша тізбектелген сабақтардың жоспары әзірленіп, уақыты 13.02-20.02 аралығына қойылды. Пән мұғалімі мен бақылаушылар тағайындалды.
22.12.2023
Психологиялық апталықтың жоспарына сай, мектеп алды даярлық сыныбы оқушылармен “Өшіріп, жаз” каллиграфиясымен жұмыс, “Тізбекті құру” жаттығулары жасалынды. 7 а сыныбы оқушылары “Үрлеп салу” техникасымен абстракты суреттер салды. “Көңілді үзіліс” кезінде, әртүрлі ойындар ойнатылды. Мектеп психолгы:Абдраева Ш.А