Текст
05.04.2024
Жүрек жылуы атты тренинг 5 Ә сыныбында өткізілді.Ата-аналар бір-біріне бойынша өз араларында жылы сөздерін білдірді.Содан соң балаларыңыздың тәтті қылықтары сұрағы бойынша сұраққа жауап берді.III-тоқсан бойынша қорытынды бағалар айтылды,балалардың сабақ үлгерімі және тәртібі жайлы әрі қарай сөз қозғалды. Сынып жетекшісі:Бағдатова С.Б
05.04.2024
Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту мақсатында, 5а сынып оқушыларының ата-аналарымен “Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы”атты тақырыптық ата-аналар жиналысы өтті.Жиналыс барысында ата-аналар 3 тоқсан қортындысымен танысып, тренинг элементтерін қолдана отырып, “Өзіме, көршіме”,”Баламның бойында қандай қасиеттерді көргім келеді?”,”Мақал-мәтелдер жинау”,”Тәрбиенің құндылықтары” топтық жұмыс орындап, соңында “Еркін микрафон” арқылы отбасы тәрбие ортасы деген қорытындыға келді.
05.04.2024
04.04.2024ж Ата-аналар жиналысы 11 сыныптың мемлекеттік емтиханына байланысты өтілді
03.04.2024
03.04.2024 күні, 8‐сыныпта "Баланың бас ұстазы - ата-ана" тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында, тоқсан қорытындысы мен сыныптан-сыныпқа көшу емтиханы талқыланып, аталмыш тақырыпта шағын тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: отбасы тәрбиесінің бала дамуындағы алатын орнын айқындау. Ата-аналар топтық жұмыстар орындау барысында "Бақытты отбасы", " Отбасы құндылықтары", "Бала тәрбиесі" мәселелері бойынша ой бөлісті. Жұмыла көтерген жүк жеңіл екенін дәлелдеу мақсатында бірлескен ойын ойнады. Жиналыс соңында " Балама хат" әдісі арқылы оқушыларға өз тілектерін жазып қалдырды. Сынып жетекшісі: Алиякбарова Асима Сулейменовна
03.04.2024
Бүгін, 3-сәуір күні 9-сынып ата-аналарымен "Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы" тақырыбында жиналыс өткізілді. Оқушы үшін бұл ынтымақтастықтың маңызы айтылды. Алда келе жатқан ББЖМ, аттестация, мемлекеттік емтихандар жайлы ақпарат берілді. Жиналыс соңында ата-аналарға ізгі ниетпен тәтті кәмпиттер таратылды.
03.04.2024
«ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының шеңберінде "Шахмат ойнау" шахмат бойынша акция өткізу жоспары бойынша 4 сынып оқушылары арасында шахматтан жарыс өткізілді. #шахматы, #мояродинаказахстан, #меніңотанымқазақстан, #моястрана, #меніңелім #шахматойнау #қазақстаншахматшылар #шахматшылар #яшахматист
02.04.2024
"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 1,0 мөлшерде мектеп әлеуметтік педагог қажет. Барлық сұрақтар бойынша мына номерге хабарласыңыздар +7 702 813 6657.
02.04.2024
Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 сыныбында ата аналар жиналысы өтті. Тақырыбы: Мақсаты: Алдағы болатын тестке дайындық мақсатында ата аналармен таныстыру.
02.04.2024
2024 жылғы 2- сәуір күні мектебімізде бос лауазымға конкурс өткізу жөніндегі комиссия мүшелерінің отырысы өтті.Кітапханашы қызметіне -1 кандидатура ұсынылып жұмысқа қабылдау шешім шығарылды.
02.04.2024
"Мектеп формасы-білім берудің зайырлылық қағидатын сақтаудың қажетті факторы" "Шетелде бейресми негізінде оқытудың қауіптілігі мен пайдасыздығы туралы" 9-11 сыныптарға түсіндірме жұмысын жүргізді.Тарих пәні мұғалімі:Даиров С.З