Текст
17.04.2024
‼️Қайырлы күн, педагогтер! Егер app.testcenter.kz сайтында логин немесе құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, мына бейненұсқаулықты орындаңыз.
17.04.2024
16.04.2024 күні табиғатты аялау мақсатында мектеп ауласында техникалық қызметкелер тазалық жұмыстарын жүргізді.
17.04.2024
Мектеп директоры Балтабаева Д.К. педагогтармен және мектеп қызметкерлерімен алаяқтардың нұсқауларын орындауға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді
17.04.2024
Бүгін 17.04.2024күні бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігі онкүндігінің жоспарына сәйкес 2-сыныпта "Лақтыру ,секіру және жүгіру дағдылары" тақырыбында ашық сабақ өтті.Мақсаты:өздігінен байланыстыруды оқу арқылы негізгі қозғалыс дағдыларын түсіну және жетілдіру. Пән мұғалімі:Санах Әлібек
17.04.2024
«ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының шеңберінде "Алтын ладья" ашық шахмат турнирі акция өткізу жоспары бойынша мұғалімдер мен техникалық қызметкелер арасында шахматтан жарыс өткізілді. #шахматы, #мояродинаказахстан, #меніңотанымқазақстан, #моястрана, #меніңелім #шахматойнау #қазақстаншахматшылар #шахматшылар #яшахматист
16.04.2024
Республикалық экологиялық "Таза Қазақстан"акциясы аясында "Таза өлке" тақырыбына орай ұстаздар қауымы мектеп ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді. ТІЖО м.а.Асылбекова Б.Б. #біртұтас_тәрбие. #аqmola.oblysy.birtutas_tarbie. #medetbekovameruert
16.04.2024
16.04.2024 күні табиғатты аялау мақсатында мектеп ауласында техникалық қызметкелер тазалық жұмыстарын жүргізді.
16.04.2024
Елді мекендерде тиісті санитарлық тәртіп орнату мақсатында "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 16 сәуір мен 25 мамыр аралығында Республикалық Экологиялық "Таза Қазақстан" акциясы өткізіледі.
16.04.2024
"Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын оқу-тәрбие үдерісі барысында қалыптастыру" атты бастауыш сыныптар бірлестігінің онкүнігі аясында бүгін бастауыш сынып оқушыларымен "1001 мақал, 101 жұмбақ" зияткерлік сайысы өтті. Оқушылардың білімдерін көрсетіп, үздік жеңімпазды анықтауға арналған сайыс оқушылардың көңілінен шықты. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
16.04.2024
Бүгін 16.04.2024 күні 9-сынып оқушылары "Кәсіби өзін тану және қалыптасу" тақырыбында аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығына барып қайтты. Ең алдымен мекеменің орталық тарихы, құрылымы ,мамандықтар жайлы ақпаратты оқушылардың назарына ұсынды.Кейін оқушылармен диалог жүргізіліп , ақпараттар берілді.Оқушылар қызықтыратын сұрақтарын қойып,өздеріне қажет ақпараттарын алды.