Текст
06.03.2024
Ана-әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, ақ сүтін берген ардақтысы.Бойымыздағы барлық жақсы қасиеттер анадан тарайды.Дүниеде анасыз адам жоқ.Аналар қауымына арнап 8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында мектеп алды даярлық сыныбында “Аналар асыл жандар,жүрегі жарқын жандар” атты тақырыпта тәрбие сағаты өтті. Оқушыларымыз аналарына арнап ән шашу өлеңдерін, мың бұралған билерін көрсетіп аналарын қуанта түсті. Барлық аналар қауымын мерекемен шын жүректен құтықтаймыз! Сынып жетекшісі: Смагулова Г. Қ.
06.03.2024
Бүгін педагогтерді аттестаттаудың жаңа талаптары бойынша мектеп директоры Балтабаева Д.К. түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қойылған сұрақтарға жауап берді
06.03.2024
«Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жастар» спартакиадасының бағдарламасындағы 9-11 сынып қыздар арасындағы волейбол жарысының ережесі негізінде Егіндікөл ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде өткен жарысқа мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары қатысып 2ші орын иеленді.
06.03.2024
Көктемнің құлпырған, сұлулық пен әсемдік мерекесімен! Әр күндеріңіз күлкіге, махаббатқа, қамқорлық пен қуанышқа толы болсын. 8 наурыз мерекесі құтты болсын! Ізгі ниетпен: 1 ә сынып оқушылары
06.03.2024
Мектеп тәртібін сақтайық
06.03.2024
Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде күнделікті оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады.Аз қаржыландырылған көпбалалы отбасының балалары, бастауыш сынып тегін тамақ және қосымша жеміс жидекпен тамақтанады. Бүгінгі ас мәзірінде оқушыларға арналған тамақ дәмді болды. Ас болсын!
05.03.2024
Бүгін “Сабақ -тұтас жүйе, оқу - тәрбие процесін ұймдастырудың негізгі нысаны” атты жаратылыстану пәндері бойынша өткен аудандық семинарға мектебіміздің биология пәні мұғалімі Залучуд А “Адам қан топтарының тұқым қуалау заңдылықтары және резус -фактор” тақырыбында 9- сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді.Сабақта жаңаша әдіс -тәсілдерді қолдану аясында оқушылардың қызығушылығын арттырып,оқушылар белсене қатысты.
05.03.2024
“Бала дарын” балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамыту орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында Мұқағали Мақатаев өлеңдерін мәнерлеп оқудан республикалық байқауда ерекше өнер көрсетіп, жеңімпаз атанғаны үшін мектепалды даярлық ә сынып оқушысы Серік Нұрислам марапатталды. І-дәрежелі диплом
05.03.2024
Ұлттық өнерді меңгерген барлық этностардың мектеп жасына дейінгі балалардың қатысуымен “Өнеріміз саған Қазақстан” атты фестивальдің аудандық кезеңіне қатысып жүлделі орын алғаны үшін мектепалды даярлық ә сынып оқушылар Аманбай Амина, Жангабылов Айсұлтан және мектепалды даярлық сыныбының мұғалім Мергалиева Гульназ Рамазановна әдістемелік орталықтың меңгерушісінің мадақтамасымен марапатталды. Биік шыңдарды бағындыра беріндер Амина, Айсұлтан құттықтаймыз
05.03.2024
Бүгін, 5-наурыз күні "Өнерлі ұрпақ - салауатты өмірдің жарқын болашағы" атты АӘТД, көркем еңбек, музыка және дене шынықтыру пәндерінің әдістемелік бірлестігінің онкүндік жоспарына сәйкес 5ә сыныбында дене шынықтыру пәнінен 10 сыныпта "Командалық ойынның орындалуын талдау. (Баскетбол. Допты алып жүру, финттар жасау)" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі: Оспанов Алишер Болатбекович