Текст
31.01.2024
Бүгін, 31.01.24., ІТ сабағында 5 сынып оқушысы Leo Cad 3d бағдарламасын қолданып өз жобасын әзірледі. Бұл Lego сервис оқушыларға қолдануға өте тиімді, кітапхагасы детальдарға өте бай. Информатика пәні мұғалімі Калиева М. С.
31.01.2024
Жаратылыстану — математика бірлестігінің оңкүндігі барысында оқушылардан " Интервью" әдісін қолданып, сұрақтар қойып, жауап алынды. Оқушылар белсенділік танытып, пәндер бойынша білімдерін шыңдады. Химия пәні мұғалімі де өз шеберлігін көрсетті. ЖМБ жетекшісі Калиева М. С.
30.01.2024
«Lesson study» тобы тізбектелген сабақтар жүйесі негізінде бастауыш сынып мұғалімі Бекбаева Н. Н. қазақ тілі пәнінен «Зат есімнің тәуелденуі» тақырыбында 2-ші жоспарлы сабағын өткізді. қушылардың сабақ Сабақ барысындағы топтық, жұптық, жеке жұмыстарда оқушылардың іс- әрекеті бақыланып, зерттелінді. Сабақтан соң топ мүшелері талдау жасап, келесі сабақтың жоспарын құрды.
30.01.2024
Бүгін, 30.01.24 жаратылыстану- математика бірлестігінің онкүндігі барысында 7"а" сыныбында алгебрадан ашық сабақ өтті. Тақырыбы: Қысқаша көбейту формулалары. Мақсаты: оқушылар екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырмасының формулаларын қолданады. Сабақ өте тартымды өтті, оқушылар математикадан өз білімдерін шыңдап, көрсете білді. Математика- ерекше құдіретті пән болғандықтан пәнді оқытудың, мазмұнын ашудын жүзеге асыру үшін жаңа ақпараттық технология құралдары қолданылды. Ол оқушылардың құзыреттілігін дамытуға себеп болды, ал мұғалім оқушыларға жоғары деңгейге жетуіне мүмкіндік берді. Сонымен қатар, сабақ үстінде дәптер жүргізу конкурсы да жарияланды, ЕБҚ оқушыларға тарсырмаларда қарастырылған. Пән мұғалімі Мықтыбек О. өз пәнінің маманы деп айтуға лайық. ЖМБ жетекшісі Калиева М. С. #онкүндікдекада
29.01.2024
Бүгін, 29.01.24 Жаратылыстану- математика бірлестігінің онкүндігі барысында информатика сабағында оқушылар Paint 3d программасында жұмыс жасап, жұмыстарын бүгінгі қыстың күн шуағына арнады. Пән мұғалімі: Калиева М. С. #онкүндік
29.01.2024
Жаратылыстану- математика бірлестігінің онкүндігі барысында 6 сынып оқушылары өз жұмыстарын көрмеде ұйымдастырды, негізгі жұмыстардың мақсаты: Табиғатты аялау, экологиялық білімдерін практикамен ұштастыру.
26.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2-сыныптарға енгізілген «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу», «Орыс тілі» (оқытуы қазақ тілінде) пәндері бойынша І жартыжылдық қорытындысын талқылау семинары 26.01.2024ж сағат 15:00 zoom плотформасында онлайн өткізілді.Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
26.01.2024
Бүгін, 26.01.24., 6 сыныпта информатикадан " Python. Тіл алфавиті. Синтаксис" тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты: Python тілінің сызықтық алгоритмдерді жазу. Оқушылар мақсатты жүзеге асыру үшін Python жаңа программа жазу аланын дайындап, программа әрекеттердің тізбектеліп ретімен орындап, берілген код бойынша тарсырмаларды іске асырды. Оқушылар Python тілінің синтаксисін пайдаланып сынып бөлменің периметрін есептеді және арифметикалық амалдарды осы бағдарлама арқылы жүзеге асырды. Сабақ қызықты және жан- жақты болды, сабақтын өмірмен байланысы көрініс тапты. Пән мұғалімі Калиева М. С.
26.01.2024
25.01.2024. Егіндікөл ауылының №1 ЖОББМ- нің ЖМБ онкүндігінің ашылуына байланысты ашық сабақ жүргізілді.Тақырыбы: Металлдар және бейметаллдар. Сынып: 8. Сабақ басталмас бұрын бір-біріне жылы лебіз, ыстық тілектерін білдірді, одан соң сынып Qr-код арқылы 3топқа бөлінді. Сабақ барысында: үй жұмысы құпия ұяшықтар арқылы сұралды. Жаңа сабаққа байланысты оқушылармен топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыстар жүргізілді. Түрлі ресурстар: интерактивті тақта, wordwall.net, quizizz.com сайттарды қолданылды. Пән оқытушысы: Бағдатова С.Б
25.01.2024
Бүгін, 25.01.2024 күні, мектебімізде 8 - сынып оқушыларының білім жетістіктерін бақылау бойынша енгізу тестілеуі болып өтті. Тестілеу онлайн түрде "Google" платформасында өткізілді