Текст
05.04.2024
Бүгін 5- сәуір күні 9- сынып оқушылырымен Ж. Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі зум платформасында оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.Оқушыларға мамандықтар бойынша кеңінен түсіндіріліп ,бағдарламамен таныстырылды.
05.04.2024
5.04.2024ж "Спорт денсаулық кепілі" атты Челледж болып өтті. Челледж ге мектеп оқушылары белсене қатысты. Аға тәлімгер Темирбаева Турсынай.
05.04.2024
Бүгін 1ә сынып оқушыларымен "Денсаулық күні"тақырыбында сынып сағаты өтті.Оқушылар өз ойларымен бөлісіп,суреттер салды. Сынып жетекшісі:Абишева Б.К
05.04.2024
Жүрек жылуы атты тренинг 5 Ә сыныбында өткізілді.Ата-аналар бір-біріне бойынша өз араларында жылы сөздерін білдірді.Содан соң балаларыңыздың тәтті қылықтары сұрағы бойынша сұраққа жауап берді.III-тоқсан бойынша қорытынды бағалар айтылды,балалардың сабақ үлгерімі және тәртібі жайлы әрі қарай сөз қозғалды. Сынып жетекшісі:Бағдатова С.Б
05.04.2024
Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту мақсатында, 5а сынып оқушыларының ата-аналарымен “Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы”атты тақырыптық ата-аналар жиналысы өтті.Жиналыс барысында ата-аналар 3 тоқсан қортындысымен танысып, тренинг элементтерін қолдана отырып, “Өзіме, көршіме”,”Баламның бойында қандай қасиеттерді көргім келеді?”,”Мақал-мәтелдер жинау”,”Тәрбиенің құндылықтары” топтық жұмыс орындап, соңында “Еркін микрафон” арқылы отбасы тәрбие ортасы деген қорытындыға келді.
05.04.2024
04.04.2024ж Ата-аналар жиналысы 11 сыныптың мемлекеттік емтиханына байланысты өтілді
03.04.2024
03.04.2024 күні, 8‐сыныпта "Баланың бас ұстазы - ата-ана" тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында, тоқсан қорытындысы мен сыныптан-сыныпқа көшу емтиханы талқыланып, аталмыш тақырыпта шағын тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: отбасы тәрбиесінің бала дамуындағы алатын орнын айқындау. Ата-аналар топтық жұмыстар орындау барысында "Бақытты отбасы", " Отбасы құндылықтары", "Бала тәрбиесі" мәселелері бойынша ой бөлісті. Жұмыла көтерген жүк жеңіл екенін дәлелдеу мақсатында бірлескен ойын ойнады. Жиналыс соңында " Балама хат" әдісі арқылы оқушыларға өз тілектерін жазып қалдырды. Сынып жетекшісі: Алиякбарова Асима Сулейменовна
03.04.2024
Бүгін, 3-сәуір күні 9-сынып ата-аналарымен "Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы" тақырыбында жиналыс өткізілді. Оқушы үшін бұл ынтымақтастықтың маңызы айтылды. Алда келе жатқан ББЖМ, аттестация, мемлекеттік емтихандар жайлы ақпарат берілді. Жиналыс соңында ата-аналарға ізгі ниетпен тәтті кәмпиттер таратылды.
03.04.2024
«ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының шеңберінде "Шахмат ойнау" шахмат бойынша акция өткізу жоспары бойынша 4 сынып оқушылары арасында шахматтан жарыс өткізілді. #шахматы, #мояродинаказахстан, #меніңотанымқазақстан, #моястрана, #меніңелім #шахматойнау #қазақстаншахматшылар #шахматшылар #яшахматист
02.04.2024
"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 1,0 мөлшерде мектеп әлеуметтік педагог қажет. Барлық сұрақтар бойынша мына номерге хабарласыңыздар +7 702 813 6657.