Текст
01.05.2024
Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 3 сыныбында 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай “Қазақстан - біздің ортақ шаңырағымыз” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: оқшыларды өз Отанын сүюге, бірлікке, татулыққа,ынтымаққа, көп ұлтты еліміздің тарихын білуге, өзге ұлттардың рәміздерін қастерлеу, елімізді өркендеу жолында білімді ұрпақ пен саналы тәрбие беру
30.04.2024
5 сыныбы сіздерді татулық пен келісімнің нұрына малынған 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
30.04.2024
Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының # 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 сынып оушыларының құттықтауы
29.04.2024
Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектеп кітіпханасының ұйымдастыруымен “Абай – дана, Абай - дара қазақта!” атты, мектепішілік Абай оқулары байқауы өтті. Байқау, бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Сайысқа Абай шығармашылығын сүйіп оқитын, дарынды оқушылар қатысып, өзара сайысқа түсті. Байқаудың мақсаты: ақын шығармаларын оқушылар арасында кеңінен насихаттай отырып, маңыздылығы мен құндылығын дәріптеу. Байқау қорытындысы бойынша төмендегі қатысушылар жеңімпаз атанды: І орын – Пшенбай Балжан Қосманқызы, 2 -сынып оқушысы. ІІ орын – Хамидуллаева Айзере Кайерденовна, 1 -сынып оқушысы. ІІІ орын – Амантай Айару Мұратқызы, 3 -сынып оқушысы. Арнайы жүлделер: Асылбек Сәнімай Уалиханқызы, 4-сынып оқушысы. Серикова Айлин Бериковна, 1-сынып оқушысы. Дәулетхан Жұлдызай Рүстемқызы, 4-сынып оқушысы. Жеңімпаз атанған оқушыларды жеңісімен құттықтап, таудай талап тілейміз!
29.04.2024
Бүгін, 29-сәуір күні "Үйренейік, ізденейік, жас маман!" тақырыбында жас мамандар апталығының ашылу салтанаты өтті. Жас келсе іске дей отырып, жастар өнерлерін ортаға салды. Мектеп директоры Балтабаева Динара Құттыбайқызы жас мамандарға ізгі ниетін білдіріп, апталық барысында сәттілік тіледі. Жас мамандар жетекшісі Абишева Бақытгүл Карбозовна апталық жоспарымен таныстырды.
25.04.2024
25.04.2024 жылы Ресурстың оқушыларымен "Жүйріктен жүйрік озар" атты такырыбында интелектуалды ойыны болып өтті. Пән мұғалімі: Әсен Жазылбек Ерәділұлы
25.04.2024
Бастауыш әдістемелік бірлестігінің онкүндігі жоспарына сай 1-“а” сыныбында ана тілі пәнінен “Бас әріппен жазылатын сөздер” тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылар сабаққа көңілді күймен белсене қатысты. Жұптық және жеке жұмыстар орындалды. Сынып жетекші: Аманбай А.Ж.
25.04.2024
25.04.2024 күні абаттандыру айлығы басталуына орай мектеп мұғалімдері мен 6-10 сынып оқушылары тазалық жұмыстарын жүргізді.
25.04.2024
Бүгін 25.04.2024 күні кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес 10-11сынып оқушыларымен "Менің болашағым-менің қолымда" тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты: кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету.Оқушыларға мамандық таңдау ,олардың әдістері туралы білімдерін ,түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын ,қызығушылықтарын арттыру.Тренинг "Менің есімім" жаттығуы арқылы басталды.Оқушылар өз есімдерін айтып, бойындағы жақсы қасиеттерін атап өтті. Тренинг барысында оқушылар топтық жұмыс-постер қорғап , "Педагогикалық экспромт" әдісі арқылы педагогикалық жағдаяттарды шешті. Мектеп психологі: Абдраева Ш.А . Кәсіби бағдар беруші педагог: Баязова Г.Ж
25.04.2024
Тікелей эфир