Текст
11.04.2024
"Баршаға қолжетімді сапалы білім" Жол картасы негізінде мектеп директоры Балтабаева Д.К. ағымдағы жылдың 8 сәуірінде "Балбөбек" бөбекжайында өткен ата-аналар жиналысына қатысып, 5 жастағы балаларды мектепалды даярлық сыныбына қабылдаудың үлгілік қағидаларымен таныстырды
11.04.2024
Бүгін мектеп директоры Балтабаева Д.К. 2024 жылы аттестаттаудан өтетін мұғалімдермен "ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы #83 бұйрығымен бекітілген Педагогтерді аттестаттауды өткізу қағидалары мен шарттарына өзгерістер енгізілген және ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі #72 бұйрығымен бекітілген" ережелермен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді
11.04.2024
Бүгін 11.04.2024 күні табиғатты аялау мақсатында мектеп ауласында техникалық қызметкелер тазалық жұмыстарын жүргізді.
11.04.2024
1 сыныпқа құжаттар қабылдау электрондық портал егов.кз қосымшасы арқылы қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр
11.04.2024
"Әскерге барып ,Отан қорғағың келе ме?Сен онда бізге -Шоқан Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжіне кел! Мұнда сен әскери білім алып қана қоймай ,жауынгер достар да табасың.Арнайы оқу бағдарламасы сені мотоатқыштар бөлімшелерін ,зымыран әскерлері мен артиллерияны немесе танк бөлімшелерін басқаруға дайындайды . Біздің қатарымызға қосыл.Өз еліңнің қорғаны бол!Нағыз жауынгер болу мүмкіндігін жіберіп алмай ,Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге оқуға түс!"
11.04.2024
9-сынып оқушыларымен ББЖМ дайындық бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгін оқу сауаттылығынан мәтіндермен жұмыс жасалынды
10.04.2024
Егіндікөл ауылы жалпы білім беретін мектебінің 4 сынып оқушылары ББЖМ ге дайындық жұмысын жүргізу үстінде.
10.04.2024
Бүгін, 10 сәуір күні, 5а сынып оқушылары аудан орталығындағы өрт сөндіру бөлшесінің “Ашық есік күні” іс-шарасына қатысты.Оқушыларды өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысымен таныстырып,арнайы техникалық құралдар көрсетіп, өрт сөндіргіш машинаның жұмысымен таныстырды.Оқушыларға өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.Оқушылар әр түрлі сұрақтар қойып, қызығушылық танытты.
10.04.2024
«ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының шеңберінде "Шахмат апталығы" шахмат бойынша акция өткізу жоспары бойынша 11 сынып оқушылары арасында шахматтан жарыс өткізілді. #шахматы, #мояродинаказахстан, #меніңотанымқазақстан, #моястрана, #меніңелім #шахматойнау #қазақстаншахматшылар #шахматшылар #яшахматист
10.04.2024
«ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының шеңберінде "Шахмат апталығы" шахмат бойынша акция өткізу жоспары бойынша 9 сынып оқушылары арасында шахматтан жарыс өткізілді. #шахматы, #мояродинаказахстан, #меніңотанымқазақстан, #моястрана, #меніңелім #шахматойнау #қазақстаншахматшылар #шахматшылар #яшахматист