Текст
15 мамыр күні "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында мектеп ауласында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Бұл игі шараға мектеп парламентінің мүшелері, оқушылар мен мұғалімдер белсенді түрде ат салысып, тазалық жұмыстарына жұмыла қатысты.
Олар мектеп ауласын қоқыстан тазартып, ағаштар мен гүлзарларды ретке келтіріп, айналаны абаттандыруға өз үлестерін қосты. Сенбілік барысында ұжымдық бірлік пен еңбекқорлықтың жарқын үлгісі көрініс тауып, мектеп ауласы көркейіп, жайнап қалды.