Текст
Мектебімізде «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда
Бүгінде мектебімізде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Таза Қазақстан» атты экологиялық акциясы қарқынды түрде жалғасып жатыр.
Акция аясында мектеп ауласын тазалау, қоқысты сұрыптау және түрлі экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Біз бірлесе әрекет етсек, айналамызды таза әрі көркем ете аламыз. Табиғатты аялау – әр адамның азаматтық борышы!