Мұғалім мамандығы – үздік мамандық
Ұстаз болу – өз уақытыңды
аямау, басқаның бақытын аялау
Жан – Жак Руссо
Расымен де осы бір айтылған ойда қаншама түсінік жатыр . Ұстаз болу деген нағыз ерлікке тұратын мамандық деп айтар едім.
Өйткені ұстаздар өте еңбекқор, адал, мейірімді бар өмірін шәкірт тәрбиесіне арнайтын ақ көңіл жандар. Ұстаз болу бала күнімдегі арман болып , бүгінгі күнде өз сүйген мамандығыммен қызмет жасап жүргенімді мақтан тұтамын.
Өзің қалаған мамандық иесі болып жұмыс жасау көптеген жетістіктерге алып келеді. Әсіресе балалардың қуанған сәттерін көру бір бақыт десеңізші.
Бүгінгі таңда мұғалімдердің алдындағы жауапкершілік өте жоғары болып табылады . Жас ұрпақты жаңа заман талабына сай білім нәрімен сусындатып, болашаққа нық қадам басуына жол сілтейтін бірде - бір тұлға аяулы ұстаздар емес пе ? Иә, ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақындар да, егін еккен диқан да , мал бағып терін төккен шопан да , мың бұрала билеген биші де ,адам жанының арашасы болған ақ халатты абзал жандар дәрігерлер де, қолынан бал тамған суретші де , ұшқыш та қандай мамандық болмасын бәрі - бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді және құрмет көрсетеді .
Қазіргі кезде мамандық атаулының төресі –мұғалім деп мақтанышпен айта аламыз.Мұғалім мектептің жүрегі деп бекер айтылмаса керек. Өйткені мұғалімдер еңбектенуден еш уақытта шаршаған емес .Заман талабына сай үнемі даму үстінде және де өз шығармашылықтарын дамытып отырады және де іздемпаздықпен жұмыс жасайды. Соның нәтижесінде бүгінгі күні жастарымыз шетелден білім алуға мүмкіншіліктер туындауда . Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу ұстаздар қауымының басты мақсаты деп ойлаймын. Ұстаздар біздер ата – ананың болашағына үміт артқан балаларының өміріне жол бастаушы , қанатын қағып ұшуына тірек болатын , болашақта өз орынын тауып жақсы маман иесі болуына , Еліміздің болашағын өркендетуіне қызмет жасайтын ұрпақ тәрбиелеп отырғанымызды естен шығармауымыз керек .
Еліміздің ертеңі мен болашағы бүгінгі күнгі жастарда .Ал осы жастарды білім нәрімен сусындатып отырған мұғалімдердің ерен еңбегі орасан зор. Мұғалімдердің жақсы , сапалы білім бергенінің нәтижесінде жыл сайын қаншама түлектеріміз өздерінің қалаған жоғары оқу орындарына , сонымен қатар тегін оқу орындарына оқуға түсіп , маман иесі болып жатқандығын білеміз .
Жыл сайын елімізде оқушыларымыз әр түрлі Халықаралық олимпиадаларға , ғылыми жобаларға қатысып жақсы нәтижелерге жетіп жатыр. Бұның барлығы ұстаздың ерен еңбегінің жемісі .Осының өзі де мұғалім мамандығының сала үздігі екендігінің айқын дәлелі бола алады деп ойлаймын . Сондықтан да мұғалімге деген құрмет арта беретініне сенемін.
Қазіргі кезде мұғалімдерге деген жақсы қолдаулар көрсетіліп жатыр . Әрине мұғалім нәтижелі жұмыс жасау үшін қолдау болу керек. Заман талабына сай мектептерде кабинеттер жаңа құрал - жабдықтармен толықтырылуда .
Бұл да болса мұғалімге үлкен қолдау болады және де сапалы білім беруге негіз бола алады. Қоғамда да бүгінгі күні мұғалімдерге деген көзқарастар өте жақсы қалыптасқан . Өкінішке орай жастарымыздың көбісі мұғалім мамандығының қиыншылығына байланысты осы мамандықты көбісі таңдай бермейді . Мен айтар едім .Ең жақсы мамандық ол – мұғалім. Әрбір мұғалім алдындағы шәкіртінен бар білгенін аямайды және білім мен қатар тәрбиені де егіз үйретіп санасына құйып , адал жолмен жүруге , жаман қылықтардан аулақ болуға , ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіріп өсуге бар күш жігерін , ынтасын, адамгершілік қасиеттерінің жоғары тұруына , елін , жерін сүйетін ұрпақ болып өсуіне өз еңбегін сіңіреді . Осындай жақсы тәрбиемен білім алған , адами қасиеттерді бойына сіңіріп өскен ұрпақ келешекте елі үшін адал қызмет жасайтын тұлға болып қалыптасады .
Жоғары да келтіріп кеткенімдей ұстаздар еш уақытта уақытын аямайды. Өз отбасына , балаларына бөле алмайтын уақыттарын басқаның баласына білім беруге арнайтыны өтірік емес. Ұстаз дегеніміз бір орында еш уақытта тұрып қалмайды. Заман легіне қарай үнемі талпыныста , алға қарай ұмытылып , өзін дамытып отырады.Үнемі ізденісте жүреді және болашақ ұрпақтың бақытты болуына бар өмірін , қызметін арнайтын еңбекқор адамдар. Сондықтан да әрбір адам ұстаз қадірін білуге, қадірлеуге міндетті деп ойлаймын.
Әрбір мұғалім өз шәкірті үшін қымбат . Болашақта да мұғалім мамандығы ең үздік мамандық болып, мұғалім мамандығының мәртебесі биік , дәрежесі жоғары , абыройлы болады деп сенемін.
Ең үздік мамандық - ол менің мамандығым. Мұғалім мамандығы мамандықтың төресі деп мақтана аламын. Құрметті мұғалімдер еңбегіміз жемісті , білімді салиқалы ұрпақтарымыз көп болсын!