"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Шамшырақ» отбасылық құндылықтар клубы

04.11.2020

«Шамшырақ» отбасылық құндылықтар клубы

  •        2018-жылы №1 Егіндікөл орта мектебінде «Шамшырақ» отбасылық құндылықтар клубы ашылды.      Елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу. Отбасылық құндылықтарды құрметтеу, іргесі берік жарасымды отбасы қалыптастыруды насихаттау. Жалпы отбасылық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейте отырып, отбасы–тәрбиенің негізі екенін ұғындыру.Ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау мақсатында ашылған клуб жұмысы отбасылық қарым-қатынас, үлкенге құрмет, ұлттық дәстүр сынды қасиеттерді дәріптейді. Отбасы–ұлттық құндылықтарды қалып­тастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы десек осы отбасында тәрбие алған баланың болашағының жарқын болуына ат салысу басты ойымыз. Оқу жылы барысында жоспарға сәйкес түрлі тәрбиелік іс-шаралар өткізіледі. «Үлгілі отбасы», «Өнегелі отбасы» сынды байқаулар клуб шараларының негізгілері десек артық айтқан болмаспын. Сонымен қатар клуб өз жұмысының нәтижесін ұсынып облыстық «Үздік отбасылық қарым-қатынанастар клубы» байқауына биыл екінші рет қатысып отыр.
    Рухы асқақ, іргесі берік отбасын қалыптастыру;
  • отбасылық құн­дылықтарды жандандыру, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды  жаңғырту;
  • ер азамат ұғымы отбасының қорғаны, елдің панасы болар тұлға екенін дәріптеу;
  • Жалпы отбасылық құндылықтар туралы білімдерін кеңейту;
  • Мейірімділік, сүйіспеншілік қасиеттерін тәрбиеде дамыту;
  • Жалпы отбасылық құндылықтарды күнделікті өмірде қолдануға тәрбиелеу сынды міндеттерді атқара отырып, қазақ елінің барыс текті өскелең ұрпағына отбасы қндылықтарын құрметтейтін қасиеттер ұялата алатындығына сенеміз.
  •  
Просмотров: 282


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст