20.10.2020
"Нан қасиетті тағам"
Ардақты нан! Ана мінез асыл нан,
Жеп үйренген жаным сүйіп жасымнан.
Бір күніңді мың есе артық деп едім
Бар дүниенің інжу, гауһар тасынан.- дей келе бүгінгі біздің тақырыбымыз «Ас атасы-нан» атты тәрбие сағатына хош келдіңіздер.Мақсатымыз алдымызға нан қалай келеді және нанды қадірлей білу керек. Бәріміз көріп тамашалайық.
І көрініс:
Балалар далада ойнап жүр. Қолында наны бар үйден Олжас шықты. Ол наның жеп тауыспай, лақтыра сап балалармен ойнауға жүгірді. Оны көріп қалған Аруна:
-Олжас,нанды лақтыруға болмайды,
-деді
-Біздің үйде нан көп қаласан басқасын жеймін,-деді Олжас
-Сен олай деме,сен өзің нанның дастарханға қалай келетінін білесің бе?
<<Нан дастарқанға қалай келеді?>>
-Ал енді балалар, экранға қарайық, не айтуға болады.
-Мұхамеджан Етекбаевтың «Нан қайдан шығады?» атты шығармасы
-Дәл таптыңдар.Қазір сахналық көрініс көріп тамашалаймыз
Бір күні тышқан нан дүкеніне кірді.Сөреде жаңа піскен сап-сары бөлкелер үйіліп тұр екен.Піскен нан иісіне қызыққан тышқан тұмсығын жыбыр-жыбыр тартты.Төмендегі бір бөлкені кеміре бастады.Осы кезде күзетші келіп қалады.Тышқан зып беріптысқа атып шықты.Бірақ алысқа ұзамады.”Апырмай,қандан шықты екен осыншама нан?Біліп алып шыққан жеріме кірсем,ә!“-депқызып кетті.Тесіктен сақтана сығылады.
-Нан, нан сен қайдан шықтың?-деді сыбырлап.
-Сатушыдан сұра ,-деді нан.
Тышқан сатушыға келеді.
-Сатушы,сатушы нан қайдан шығады?
-Наубайшыдан сұра,-деді сатушы.
Тышқан наубайхананға келеді.Мұнда көп адам нан пісіріп жатыр екен.
-Нан қайдан шығады?-деді наубайшыға келіп.
-Диірменшіден сұра,-деді наубайшы.Тышқан биірменшіге келеді.Диірмен тасы тынымсыз шыр көбелек айналады.Екі адам ұн тартып тұр.Ұн төгіліп аққан бұлақша құйылып жатыр.Көзді ашып-жұмғанша қап-қап ұн дайын болады.Тышқан иненің көзіндей танауын тыржитып,таңдана қарап тұрады да:
-Диірменші, диірменші нан қайдан шығады?-деп сұрады.
-Комбайыншыдан сұра,-деді диірменші қарт.
-Комбайыншы,комбайыншы,нан қайдан шығады?-деп сұрайды.
-Көктемде тракторшы жер жыртып тұқым себеді.Егіншілер оны күтіп,баптайды.Көп еңбек сіңіреді.Міне,мынау қалың астық-сол көп еңбектің жемісі.Нан еңбек арқылы табылады,-дедікомбайыншы.
-Ой,мұның зап қой.Мен шалқайып жатып-ақ нан таба беремін-деп құтың-құтың етті тышқан.
Сол-ақ екен тышқан бір інге зып береді.
Олжас кешірім сұрап былай дейді:
Елді ырысқа бөлеген,
Ән-өмірің,ән-өлең.
Ержеткен соң жер жыртып,
Егін салып,дән егем.
<<Нан қиқымын шашпаңдар>>
Түскі ас ішіліп болған соң,Адия столдағы нанның қиқымы мен қалдығын сыпырып алып,қоқысқа тастамақшы болды.
-Адия,сен не істегелі жатырсың?
Нанның дастарқанға қаншама еңбекпен келетінін түсінген жоқсың ба? Ендеше нан туралы достарымыз не айтар екен,тыңдайық!
Нандай жоқ асыл дәм,
Жеп үйренген жасымнан.
Дастарқанда нан кетсе,
Береке кетер асыңнан.
Ей,балалар,балалар,
Болмаңдар сірә нанға тар.
Өмірдің алтын арқауы,
Бар қасиет нанда бар.
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып,қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Дастарқан басынан,
Үзілмес асыл дәм.
Ақ тоқаш,ақ қалаш,
Адамның асы-нан.
Нан болса ойнап күлеміз
Нан барда еркін жүреміз
Тіршілік көзі нан ғана
Нан қадірін білеміз
Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар,
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан өмірдің ана сүті арқауы,
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар
Сахналық көрініс: «Егінші мен қасқыр»
Автор: Егінші таңсәріден егін орп, шаңқай түсте демалды. Аздап тыныққан соң, қолына нан алып жей бастады. Дәл сол кезде бір үлкен қасқыр егіншінің қасына келіп:
Қасқыр: -Адам, не жеп отырсың? Автор:-деп сұрады.
Егінші:-Нан
Қасқыр:-Мағанда наныңнан берші!
Автор:-Егінші нанынан бір үзіп алды да, қасқырға берді. Нан қасқырға ұнады. Сондықтанда ол егіншіге мынадай тілек білдірді:
Қасқыр: -Сенің тамағың дәмді екен. Менің де күн сайын тамақ жегім келеді. Сен маған оны табудың жолын үйретші….
Егінші қасқырға: -Алдымен жер жыртасың, одан соң тырмалайсың, Автор:-деді.
Қасқыр:-Содан соң нан болама?
Егінші:-Жоқ, жерді жыртып, тырмалап, боласыңда, тұқымды әзірлейсің, себесің…
Қасқыр:-Содан соң нан болама?
Егінші:-Жоқ, жоқ! Күзде қара бидай егесің! Ол көктемде көгерәп жер бетіне шығады, ал жаз ортасында піседі.
Қасқыр:-Содан соң нан болама?
Егінші:-Қайда әлі! Қара бидайды ору, оны баулау крек. Ол бауларды жақсылап жер бетіне қағып, күзге кептірген соң қырманға апарып, маялау керек…
Қасқыр:-Содан соң нан болама?! Автор:-деп айқайлап жіберді.
Егінші:-Жоқ қара бидайды жинап алған соң, бастыру керек, бастырып болған соң, бидайды диірменге апарып, ұн қылып тарту керек.
Қасқыр:-Сонда жеуге болама?
Егінші:-Жоқ алі! Қамыр ашытып, оны илеп, пісіру керек…
Қасқыр:-Содан соң нан болама?
Егінші:-Иә,сонда нан болып, жеуге жарайды, Автор:-деді егінші.
Қасқыр:-Бұл өте ауыр әрі көп уақыт кететін жұмыс екен. Мұны кәсіп етпей-ақ қояйын,
Автор:-деді қасқыр.
Ертегіні талдау: (оқушылардың ой-пікірі тыңдалады)
Бұл көріністен біз нанды дайындаудың жолы өте ұзақ әрі қиын екенін білдік.
Осы ертегінің мазмұнына сай қандай мақал-мәтел айта аласыңдар?
Қорытынды. "Нан қасиетті тағам"- деп бекер айтылмаған.Нанның қасиеті бізге тоқшылық, байлық, тыныштықты әкеледі.Нансыз өмір сүруіміз мүмкін емес. Нан – тіршілік тірегі.Нанды қастерлеуіміз керек.Ысырап етпей үнемдей білуіміз керек.Нан бізге адал тынымсыз еңбектің арқасында келетінін естен шығармауымыз тиіс.
Оқушылардың тақпақтары:
Мұғалім:
Нан болмаса бағаңның кетерi бар
Нан мен ғана өмiрдiң өтерi бар
Жол да жатса егер де бiр үзiм нан
Арланбай - ақ, сен оны көтерiп ал!
Шындығында да, балалар, нанға үлкен жүрекпен қараңдар!- дей келе бүгінгі шарамызды аяқтаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп тамашалауға келгендеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Нанымыз көп болсын