Текст
05.12.2025
2025 жылдың 5-ші желтоқсан күні мектебіміздің жоғары сынып оқушыларымен Агротехникалық колледждің өкілдері арнайы кездесу өткізді.
Кездесу барысында колледж мамандықтары мен оқу бағдарламалары таныстырылды. Сонымен қатар, оқушылардың бейімділігі мен қызығушылығын анықтау мақсатында арнайы сауалнама жүргізіліп, түлектерге болашақ мамандық таңдауға қатысты кеңестер берілді.
