17.09.2020
17 қыркүйек күні № 1Егiндikөл орта мектебіне «Қашықтықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?» атты жалпыұлттық ата-аналардың онлайн жиналысы өтті.
Жиналыс барысында ата-аналардың басты мақсаты – балаға жауапкершілікті түсінуге көмектесу және қашықтықтан оқу дағдыларын меңгеру үшін барынша қолайлы жағдай жасау туралы айтылды.Сабақтың орындалуын бақылап отыру, баланың оқуына ыңғайлы жағдай жасау, баланың жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік беру керектігігі, баланың жұмыс уақытын бақылау, денсаулығына мән беру, түрлі жаттығулар жасату және бала мен мұғалім арасындағы байланысты қадағалап отырудың маңыздылығы туралы айтылды. Бірқатар ата-аналар сөз алып, жаңа форматтағы қашықтықтан білім беру жүйесінде ұстаздар еңбегіне ризашылықтарын білдіріп, алдағы ұстаздардың жұмысына сәттілік тіледі.Жиналысқа барлық сыныптың ата-аналары қатысты. Жиналыс Zoom платформасы арқылы өткізілді.