Текст
Шуақты көктем
«Көктемде табиғат ана оянады, қыстың қары кетіп, құстар жылы жақтардан қайта оралады. Ағаштар бүршік жарып гүлдейді…» деген сарынды басталатын… Одан бері талай көктем келді кетті… Әр көктем ерекше, бір керемет, сыры бітпес бір тылсым… Әсіресе қызығы, мына көктем алды мезгіл… Қыс пен көктемнің алмасар уақыты. Бір-бірімен сықылықтап қуыспақ ойнаған кішкентай кезімізді есіме салды. Біресе қыс көрінеді, біресе жылы көктем лебі… Ақыры соңында қыс шаршап тынады дағы, ал көктем керісінше күшіне күш қатып, ойынан қалып бара жатқан қысқа бұртия қалады да көз жасын төгіп жібереді. Ойынға басқа бала келіп қосылғанша осылай жалғасады.