20.08.2020
*«№1 Егіндікөл орта мектебі» КММ-сі бойынша 2020 жылдың 20 тамыз күні «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысының тұжырымдамасы аясында ата-аналар жиналысы өткізілді.
*Ата-аналар жиналысының мақсаты*: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды хабардар ету.
Ата-аналар жиналысы қашықтық форматта өтілді. Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысында «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» процесін ұйымдастыру туралы мәселелер күн тәртібінде қаралды.