17.06.2020
Уайымсыз балалық шаққа жымиып қараңыз
2020 жылдың 1-12 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен «Уайымсыз балалық шаққа жымиып қараңыз» ұранымен
«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өткізілуде.
Маусым айының 12-сі дүниежүзілік бала еңбегін қанауға қарсы күн ретінде халықаралық күнтізбеге тіркелген. Қазіргі таңда бала еңбегін пайдалану проблемасы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бала еңбегін қолдану дерегі көбіне адамдардың бұл мәселе жайында хабардар болмауынан, ауыр еңбектің баланың дамуына тигізер зиянын білмеуінен сипатталады. Қазіргі таңда жаз мезгілі болса бірден баласын жұмысқа орналастырып қоюды көздейтін әке-шешелер біздің қоғамда азаяр емес. Осы әрекеттен ұтылып жатқан тек бала мен ата-ана. Еліміздің ұлттық заңнамаларында бала еңбегіне шектеу қойылып, оның ең нашар түрлері үшін қылмыстық және әкімшілік жаза қарастырылған. Сонымен қатар, ҚР Конституциясымен мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған. Кәмелетке толмаған балалар кафе-мейрамханаларда даяшы болып, ыдыс-аяқ жуып, сауда сөрелерінде тауарлар мен өнімдер сатып, автокөлік жуу, құрылыстарда жұмыс істеп жүреді, бұл олардың дамуына және білім алуына, болашақтарына кедергі жасайды, олардың көбі бала еңбегінің ең нашар формасына тартылуда. Балалар – қоғамның орны толмас балалардың өмірлеріне, денсаулықтарына зиян келтіреді және психологиялық әсерін тигізеді. Осыған байланысты жыл сайын республикамызда маусым айының 1 мен 12 аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» ұлттық ақпараттық науқаны ұйымдастырылады. Осы шараға байланысты біздің білім ордасының ұжымы, ана-аналар мен қоғамдық ұйым өкілдерінің қашықтықтан қатысуына негізделген «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» ұранымен әр –түрлі жұмыстар атқаруда. Біздің басты мақсатымыз - бала еңбегін заңсыз пайдалануды болдырмау, балалардың тұрмыстық зорлық пен зомбылықтың құрбаны болудан, отбасы құндылықтары мен бала құқығы туралы, балаларды еңбек қанауына тартудың алдын-алу бойынша оқушылар мен ата-аналар, жұмыс берушілер арасында түсіндірме және ақпарат –насихат жұмыстарын жүргізу. Бала – ертеңі өмірді жалғастырушы, ізбасар. Оның өмірінің әр күні мен сағаты тіпті, минутының қалай өтіп жатқанын ата-ананың басты назарында болуы тиіс екенін ұғындыруымыз керек. Әр оқушы өзінің құқығын білуі маңызды. Бұғанасы қатпаған бала еңбек етіп, күн көрмеуі керек, керісінше балалық шағында мектепте берілетін біліммен еркін сусындағаны жөн. Онлайн әңгімелесу барысында оқушылардың мемлекеттік заңдарын білу, құқықтары мен міндеттеріне жауапкершілікпен қарау жайы нақтыланды. Оқушыларға сауаттылығы мен мінез-құлық ережелерін түсіндіретін сынып сағаттары, баланың құқықтары туралы әртүрлі түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Осы орайда балаларға жан-жақты мәлімет беру қажеттілігі күн тәртібінен түскен емес. №1 Егіндікөл орта мектебінің ұжымы жоғарыда аталып кеткен тақырыптарға байланысты ата-аналармен, оқушылармен қашықтықтан сынып сағаттарын, ата-аналарға және қушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынама таратылды. Бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың «Мен бақытты баламын» тақырыбында суреттер салудан бақ сынауына жағдай жасады. 7 сынып оқушылары қашықтықтан отбасылық құндылықтарды және бақытты балалық шақты насихаттайтын бейнероликтер ұйымдастырды. Осы сайыстарға қатысқан әрбір оқушы өзінің бойындағы талантын көрсете алды және әр іске белсене араласқаны қуантады. «Адамның бір қызығы бала деген» деп ұлы дана, кемеңгер Абай айтқандай, бала – адамның бауыр еті, өмірінің жалғасы, көрер қызығы, артына қалдырар ұрпағы, сондықтан қабырғасы қатпаған, буыны бекімеген жастың еңбек құқығын сақтауға қатысты заңнаманың мүлтіксіз орындалуы – заман талабы. Бала аспанын бұлт шалмасын. Балалар – біздің болашағымыз.