05.06.2020
№1 Егіндікөл орта мектебінде «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» (2020 жылғы 1-12 маусым) науқаны жарияланды.
Шараның басты мақсаты: – қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару;
- ауыр жұмыс істеу баланың денсаулығына зиян екендігін және әрбір бала - ешбір қиындықсыз, жарқын өмір сүруге тиіс екендігін ұғындыру; - жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың ауыр жұмысқа тартылмауының алдын алу; - сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады.