03.06.2020
Бүгін, 3-маусым күні "Ақ жол саған, жас түлек!" тақырыбында соңғы қоңырау салтанаты мен мектеп бітіруші түлектерге аттестат табыстау рәсімі өткізілді. Қонаққа аудан әкімінің орынбасары Көбжетерова Алтыншаш Арынғазықызы келіп, ұстаздар мен түлектерді құттықтап, үздік аттестат иесі Аманжолова Дәметкен Амантаевнаға аудан әкімінің атынан планшет табыс етті. Сөз кезегін алған мектеп директоры Балтабаева Динара Құттыбайқызы Жас түлектерге сәттілік тілеп, ата-аналар мен ұстаздар қауымын құттықтап, түлектерге алдағы сынақтан сүрінбей өтулерін тіледі. Мектеппен қоштасу сәтінде Жас түлектердің ерекше қобалжу үстінде болғандығы байқалып тұрды.