"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүгін, 6-мамыр күні 5А сынып оқушылары аудандық архивке саяхат жасады. Ол жерде ауданымыздың соғыс ардагерлері Мақанов Қайдар Мақанұлы мен Смирнов Сергей Фёдоровичтің өмірі мен ерліктерімен танысып, жеке құжаттарын көрді. Оқушылардың ерекше назарына түскені 1945-жылғы Сталиннің суреті бейнеленген "Правда" газеті. Сонша уақыт сақталғандығы оқушылар үшін өте қызық болды. Архив қызметкерлері ең алғашқы жазу машинкасын көрсетіп, тарихымен таныстырды. Оқушылар өз қолдарымен басып, машинкамен жұмыс істеп көрді. Егіндікөл ауылының даму кезеңдерін бейнелейтін роллап та көп ақпараттарға толы. Бұл саяхат оқушылар көп ақпарат беріп, өте қызықты өтті. Сынып жетекшісі Абдраева Ш. А.

06.05.2024
Просмотров: 343


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст