"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балаларды 1 сыныпқа қабылбау ережесі

28.05.2020 Балаларды 1-сыныпқа қабылдау ережесі Құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 1 маусым мен 30 тамызы аралығында іске асырылады. Биылдан бастап үйде отырып-ақ ата-анасы кез келген мектепті таңдай алады. EGOV.kz электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Ата-ана өз жеке кабинетіне кіру арқылы жүзеге асады. Әуелі ата-анадан мынадай 4 құжаттардың сканерленген нұсқасын әзірлеп алыңыз: 1. Баланың ата-анасынан және өзге де заңды өкілдерінен өтініш; 2. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 3. Денсаулық жағдайы туралы анықтама (026/у-3 нысаны); 4. 3x 4 көлеміндегі фото – 2 дана. сайтымен қалай жұмыс істеу керектігін тәптіштеп түсіндіреміз. Сайтқа кіріңіз. Ары қарай негізгі парақшадағы "Бірінші сыныпқа алуға құжаттарды қабылдау" қызметін таңдаңыз. Пайда болған терезеде "ЭЦҚ бойынша" кіру түрін, кілтті сақтау орнын таңдаңыз да, ары қарай "Сертификатты таңдау" батырмасын басыңыз. ЭЦҚ кілтті (AUTH_RSA) таңдап, құпиясөзді енгізіп, "ОК" батырмасын басыңыз. Ол кілтті Халыққа қызмет көрсету орталығанан аласыз. Жүйеге бірінші рет кірген кезде электрондық поштаны көрсету қажет. Авторизациядан өткеннен кейін "Өтінімді беру" тарауына басыңыз. Одан кейін қызметтің сипаттамасы мен толық нұсқаулық келтірілген парақша жүктеледі. Өтінішті берудің алдында нұсқаулықпен танысуды растау және "Өтінімді беру" батырмасын басу керек. Ашылған нысанда ЖТ ДМБ-дан өтініш беруші туралы деректер автоматты түрде толтырылады. Бірінші электрондық поштаны, телефон нөмірді толтырып, баланың ЖСН көрсетіп, келесі әрекетке өту үшін "Алға қарай" батырмасын басыңыз. Есте сақтаңыз! Өтінішті берген кезде байланысқа қажетті деректерді (ұялы телефонның нөмірі, электрондық пошта) көрсету қажет. Көрсетілген электрондық пошта мен телефон нөміріне хабарлама жіберіледі. Келесі әрекетке мектепке қабылдауға қажетті деректерді толтыру жатады. Осы кезде қабылдау сыныбын, оқыту тілін, мектепті (ықшам аудан бойынша немесе қалаған мектепті) таңдау қажет.
Просмотров: 282


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст