"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі

11.01.2017

Қазақ тілі 5-нұсқа

 

1.     Қыстырма сөздерді белгілеңіз.

А)  Мүмкін, сірә.

В)  Біріншіден, әрине.

С) Ықтимал; бәсе.

Д) Сөйтіп, алақай.

Е) Бәрекелді, тәйт.

 

2.     Атаулы сөйлемді анықтаңыз.

А) Баяу ескен қоңыр жел.

В) Жаңбыр сіркіреп тұр.

С) Жер сіреу қар.

Д) Қазан айы.

Е) Бұл – егін даласы.

 

3.     Мәтелді көрсетіңіз.

А) Кең болсаң, кем болмайсың.

В) Қара қылды қақ жарған.

С) Қымыз киелі асқа саналады.

Д) Ішіне тамақ салынған, Есігі

тарс жабылған.

Е) Тамақты асығып ішпе.

 

4.     Дара сөзді табыңыз.

А) Қуаныш

В) Ата

С) Әркім

Д) Жеңіс

Е) Қашқын

 

5.     Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

А) Бас болмақ оңай, бірақ

бастамақ қиын

В) Күн батты, тауды қара

көлеңке басты.

С) Сізді ешкім шақырған жоқ,

сондықтан сіз бармайсыз.

Д) Жайлаудың көлдеріне сене

беруге болмайды, құрғақшылық жылы олардың көбі тартылып қалды.

Е) Тұманның қалындығы сонша –

түк те көрінбейді.

 

6.     Жақты сөйлемді табыңыз.

А) Ол дос жүрегіне сенеді

В) Көктем келді.

С) Едіге ұзақ жол жүрді.

Д) Бірлесіп кітап оқуымыз

керек.

 Е) Наурыз көже азықтың жеті түрінен

жасалады.

 

7.     Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз.

А) Қара құс

В) Көк құтан

С) Ала бұға

Д) Ел таңба

Е) Сарышымшық

8. Латын алфавиті Қазақстанда нешінші жылға дейін қолданылғанын

белгілеңіз.

А) 1937

В) 1935

С) 1929

Д) 1936

Е) 1939

9. Белгіздік есімдікті  қойыңыз: 

. . .   жамандасаң, сені де

жамандар.

А) Оны

В) Біреуді

С) Мені

Д) Осыны

Е) Адамды

 

10. Талғаулы салалас құрмалас

сөйлемді көрсетіңіз.

А) Қазан аспаның аузында от кейде

жылтылдайды, кейде қызып жанып лапылдайды.

В) Егер жаңбыр жауса, астық мол болады.

С) Сөз бен қылық суық көңілді

жылытады немесе жылы көңілді суытады.

Д) Мен бұл арада үндемедім

және үндеуді қажет те көрмедім.

Е) Шығыс елдерінде жыл басы

наурыз айынан басталады.

 

 

11.  «Жуас» деген мағынаны білдіретін фразеологизмді

табыңыз.

А) Қой аузынан шөп алмас

В) Тіл қатқан жоқ.

С) Су жүрек

Д) Құлқын сәріден.

Е) Өлердегі сөзін айту

 

12.   Өткен шақ

есімшені көрсетіңіз.

А) Келдік

В) Келерміз

С) Айтқалы келдім

Д) Келген жоқ

Е) Келді

 

13.  Одағай сөздерді белгілеңіз.

А) Сірә, айт

В) Хана, әдеп

С) Ах, алақай.

Д) Бәлкім, сөз жоқ

Е) Бол, қап.

 

14.   Құрмалас

сөйлемді анықтаңыз.

А) Арба да, дөңгелектер де,

адамдар да қызғылт шаңның ішінде.

В) Балуан Шолақ мінезі

ақжарқын, сөзшең, ойыншыл кісі екен.

С) Сіздерге де айтарым сол:

сағат төртте осында келіңіздер.

Д) Маған елікті бірнеше рет тамашалаудың

сәті түсті.

Е) Қуырдақты көбінесе ірі

қараның сан етінен, қойдың мойын етінен қуырады.

 

 

 

 

 

15.«Ауру»

сөзінің  синонимін көрсетіңіз.

А) Сырқат

            В) Сымбат

            С) Сенім

Д) Сырға

Е) Саңырауқұлақ

 

16.  Қазақстанның ұлттық теңгесі қашан айналымға

енгенін белгілеңіз.

А) 1991 ж.

В) 1993 ж.

С) 1995 ж.

Д) 1999 ж.

Е) 2000 ж.

 

17.  Көп мағыналы сөзді табыңыз.

А) Дәптер

В) От

С) Қоян

Д) Сірә

Е) Бас

 

18.  «Болашақ» сөзінің аудармасын белгілеңіз.

А) Звонкий

В) Свободно

С) Предложение

Д) Необходимость

Е) Будущее

 

19.  Синоним сөздерді табыңыз.

А)  Әсем, әдемі

В) Бай, кедей

С) Жақын, жаман

Д) Наным, сенім

Е) Нүкте, үтір

 

20.  Омоним болатын сөзді көрсетіңіз.

А. Мәтін

В. Тау

С. Хат

Д. Әже

Е. Жаз

Просмотров: 1036


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст