тақырыбы: Д дыбысы және әрпі.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: ддыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Ддыбысы кездесетін сөздерді қатыстырып, сөйлемдер
құрастырту арқылы ой лау қабілеттерін дамыту. Жаңылтпаш жаттатқызу арқылы
тілдерін ұстарту, ауызекі сөйлеулерін дамыту. Оқу іс-әрекеті барысында
еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Көрнекі құралдар: кеспе әріп, әріп таңбасы,
текшелер, суреттер, домбыра, доп.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу, көрнекі.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
I. Балалар дөңгелене тұрып, бір-бірімен қол беріп амандасады.
Жас адам жолы өлкен, жасы үлкен адамға алдымен ұмтылып: «Асалаумағалейкум», - деп қос қолын ұсынады. Сәлем алушы: «Уағалейкумассалам», - деп оң қолын ұсынады. Қыздың үлкендермен сәлемдесуі: «Сәлеметсіз бе, ата? Есенсіз бе?» - деп кеудесіне қолын қойып ізет
ету.
Қыз балалар мен ұл балалар сәлемдеседі.
II.
Негізгі бөлім.
1. Педагог суреттермен балаларды
таныстырады.
Қандай дыбыстан басталып тұрғанын тапқызады.
Ддыбысы.Ддыбысын ортаға қою.
Д дыбысының баспа түрімен таныстырады.
Педагог:
- Қандай белгімен белгілейміз, дауысты ма дауыссыз ба?
- Кәне, кеспе әріптердің арасынан д дыбысын тауып көрсетейік.
2.
Сергіту сәтін өткізу.
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды
райық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тынығып алайық.
Орнымыздан тұрайық,
Белімізді жазайық.
Жоғары-төмен қарайық,
Солға-солға түзу тұр.
Оңға-оңға түзу тұр,
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Бойымызға күш жинап,
Бір дем алайық.
балаларға жұмбақ жасырады.
Сол аяқпен оң аяқ кезек оны тебеді.
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді. (Доп)
Бір түймелі, екі желілі,
Күйдің көрігі, әннің көлігі.
(Домбыра)
Лақтырдым да әуелеп
Қағып алып: «оп», - дедім.
Жерге соқтым, секек қақты
Атаймыз оны не деп?
(Доп)
4. Дәптермен жұмыс.
- Д дыбысына мысалдар келтіріңдер.
- Доға, доп, домбыра, дәптер, дән, бидай, долана, велосипед.
Осы сөздерді алақанмен шапалақ ұра отырып буынға бөледі. Доға сөзіне сөздік жұмысын жүргізу.
Доға—атты арба
не шанага жеккенде,
екі жақ шеті терте мен қамыттың құлақбауын ұстап, бекітіп тұратын ағаш сайман.
Доғаны қайың, тал, үйеңкі, емен сияқты мықты
ағаштардан иіп жасайды.
Д дыбысының сөздегі орнын мысалмен
түсіндіріледі. Өткен дыбыстармен д дыбысын қатыстырып, буын, сөз
құрастырады. Хормен қайталайды, дәптердегі сөздерді, буындарды оқиды.
Жазу жұмысы. Үлгі бойыншад әрпінің баспа түрін жазады.
«Сөйлем құра» тапсырмасын орындайды. Сөзжұмбақ шешеді. Торкөздің ішіндегі
сөздерді табады. Үш, төрт дыбыстан тұратынсөз құрайды.
5. Сөздік жұмысын жүргізу.
Доп - жел толтырылган, резеңке, ойыншық.
Домбыра - күй ойнайтын аспап.
Дәптер - оқу құралының бірі, жазу жазамыз.
Дала - жазық жер,
алаңқай.
Дэн - дәнді дақылдардың бірі.
Долана - жидектің аты.
|
6. Сергіту сәті.
Ал, кәнеки, ойнайық, Ойнайықта, ойлайық.
Байлап қойып көзіңді,
Қоршап тұрмыз айнала.
Атыңды атап шақырған, Арамызда қай бала?
7. Сөзжұмбақ шешу.
Тігінен: қазақтың ұлттық музыкалық аспабы (домбыра). Көлдененінен:
1. Теуіп ойнайтын ойыншық (доп).
2. Арба не шанаға атты жегуге арналған
сайман (доға).
3. Жазу жазатын құрал (қалам).
4. Екі санының алдында тұратын сан (бір).
5. Кесе, шәйнек (ыдыс).
6. Сөйлеп тұратын ақпарат құралы (радио).
7. Дүниедегі ардақты адам (ана).
Сөзжұмбақтың шешуі болған сөздердің ішінен ддыбысы кездесетін сөздерді айтқызу.
III. Қорытындылау.
- Орнымызға отырып қандай дыбыс өткенімізді еске түсірейік.
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Д дыбысы қандай дыбыс, қалай белгіленеді