Бүгінмектебімізде жас мамандармен «Жас мамандардың білімін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Жас мамандар арасында жұмысына деген құлшыныс, балаларға деген
сүйіспеншілік, әріптестер арасында қарым - қатынас орнату. Өз жұмысына деген қызығушылықтарымен бөлісу.
Жұмыс барысы:
1.Не білгім, нені үйренгім келеді? Жас маманға кеңес - Абишева Ж.Б.
2. Психологиялық тренинг:
«Жас келсе іске» - Абдраева Ш.А.
3. Жас мамандар кезегі: 1. Сәлемдесу; 2. Өзім жайлы; 3.
Ұстаз болу оңай ма? Жұмыс нәтижесі. – әрқайсысы өз ойларын ортаға салады.
4. Жағдаяттар шешу, сауалнама.
5. Қорытынды: Тәлімгер ойы.
Осы мақсатта өткен дөңгелек үстелге жас
мамандар мен тәлімгерлер қатысты. Слайд арқылы берілген «Не білгім келеді, нені
үйренгім келеді» деген сауал төңірегінде жас маманға кеңес бере отырып, бірнешесауалдар талқыланды. Жас мамандар өздеріне көп мағлұмат алды.
Мектеп психологы Абдраева Ш.А. жас мамандармен тренин өткізе отырып, жас мамандардың мінез- қылықтарын біле отырып, қызықты ойын түрін өткізді. Қатысып отырған жас мамандар өздерінің
еңбек жолдарындағы жетістіктері мен қиыншылықтарын ортаға салып, ой бөлісті.
Бастауыш сынып мұғалімі Нұрхамит Нүрия слайд түрінде өзінің еңбек жолындағы жетістіктерін көрсете отырып, тәлімгерлеріненкөп көмек алатынын жасырмады.
Ұстаз мамандығы – қиында, қызықты мамандық- дей отырып математика пәні мұғалімі Меруерт Бисембаева өзінің осы мамандықта жұмыс жасап жүргеніне өкінбейтініне, жас ұрпаққа білім беруде әліде болса аянбай еңбек ететініне сенімді екеніне көзі
жететінін айтты. Баян Бегайдаровнада осы мамандықта жұмыс жасай отырып,
оқушылары күннен – күнге қызықтыратынын айта отырды. Шағын орталықтың
тәрбиешісі Меруерт Карабекова жұмысы қиындау болсада, қиындықты ерінбей еңбек
ете отырып жеңетініне сенімді. Соңынан жағдаяттар шешіліп, сауалнама
алынды. Іске сәт, жас маман!
Жас мамандар жетекшісі Абишева Ж.Б.