Адам құқығы-бала құқығы.
Тақырыбы: Адам құқығы-бала құқығы.
Мақсаты: Адам құқықтары - бала құқығы туралы конвенциясы жайлы
баптардан түсінік бере отырып,міндеттері мен жауапкершіліктерін қалыптастыру
Таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра
білуге, өмірде қолдана білуге үйрету;Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар-ождан
бостандығына, адалдық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интерактивті тақта.
Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу
Кіріспе сөз: Оқушылар бүгін сіздермен Адам құқығы-бала құқығы тақырыбында
дөңгелек стол басында пікір алмасайық деп отырмыз.Әр адам –өзі өмір сүрген
ортадағы қоғамның мүшесі.Әр елдің өз адамдарына арнаған Ата Заңы- Конституциясы
болады. Ата Заңда жеке адамдардың құқығы мен еркі туралы айтылған. Олай болса,
өздерінің осы Ата-Заң туралы не білесіңдер? Конституция деп сөздің өзі латынша
«Жарғы»,» «Заң» «Құрылым» деген ұғымды білдіреді.Сонымен Конституция
мемлекетіміздің негізгі құқықтары мен міндеттерін тұжырымдайтын Ата Заң болып
табылады. Тәуелсіз Қазақстанның негізгі тұңғыш Конституциясы 1993 ж 28 қаңтарда
қабылданып Кейін оған түзетулер мен толықтырулар енгізіп, 1995 ж 30 тамызда
қабылданды.
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы 1948ж 10 желтоқсанда БҰҰ-ның
шешімімен қабылданды. Бұл азаматтардың ерік бостандықтарын терең қарастырылған
құжат.Соның жарқын дәлелі ретінде американдық азамат қайда жүрсе де
Конституциясы жазылған кітапшаны өз жандарынан тастамайды екен.Егер қандай да
бір уақытта өз құқығы бұзылғандай жағдай болғанда дереу өз заңды міндеттерін
талдауға кіріседі.Яғни олардың заңы бойынша Конституция алдыңда Президент
те,қарапайым адамда бірдей құндылыққа,бірдей жауапкершілікке ие. Сондықтан 10
желтоқсан –Адам құқықтары күні
Оқушылар, мына кітап-еліміздің Конституциясы. Бұл кітапта Қазақстанда өмір
сүріп жатқан барлық халықтардың құқығы,бостандығы,міндеттері жазылған.Ата
Заңымыздың кейбір баптарымен танысайық.
ҚҰҚЫҚ ДЕГЕНІМІЗ ҚОҒАМДАҒЫ АДАМДАРДЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН РЕТТЕП ОТЫРАТЫН
МЕМЛЕКЕТ БЕЛГІЛЕП, ҚОРҒАЙТЫН НОРМАЛАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕР ЖИЫНТЫҒЫ, ОСЫ НОРМАЛАРДЫ
ЗЕРТТЕЙТІН ҒЫЛЫМ
БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ –БАРЛЫҚ ӘЛЕМ БАЛАЛАРЫНЫҢ АТА ЗАҢЫ болып
табылады.
ҚР-ң президенті Н.Ә.Назарбаев 1994 жылы балалар құқықтары туралы Конвенцияға
қол қойды.Сонымен біздің мемлекетімізде балалар құқықтарын қорғау халық
аралық-құқықтық мінездемеге ие болды. Осы кітапшада Конвенцияның негізгі
баптары келтірілген. Онын мәнін білсен әр жағдайда өз құқықтарын қорғай
аласын.Ендеше балалар құқықтарының баптарына қысқаша тоқтала кетейік.
6- бап Әрбір бала өмір сүру құқығына ие және мелекет оның өсуі мен дамуын
қамтамасыз етуге міндетті.
7- бап Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқылы және азаматтық алу мен
ата-анасынан қамқорлық көруге құқылы
Мұғалім: Адам дүниеге шыр етіп келген күннен бастап өмірі, денсаулығы,
тыныштығы, қуанышы қорғалады.Өйткені ол мемлекеттің азаматы.
Яғни оқушылар ең алғаш балаға қандай құжат беріледі? (Туу туралы куәлік
беріледі)
Сол куәлік арқылы 6 ға немесе 7 ге толғанда не істейдіндер. (Мектепке барасын ,
тегін білім аласын)
Бірақ жасың 16-ға толғанша ата-ана қамқорында боласың. Кәмелеттік жас 16 жас
саған азаматтық туралы куәлік беріледі.Сонда сен өз мүмкіндіктеріңді,
құқықтарынды толық пайдалана аласың.
Сендер қоғамда неге құқылысындар
1.Өмір сүруге құқылы 2.Білім алуға құқылы 3.Бос уақытын ерекше пайдалануға
4.Өз пікрін еркін білділуге 5.Мәдени өмірге араласуға 6.Дін ұстануға
7.Дос болуға 8.Демалуға,емделуге 9.Жұмыс істеуге
Оқушы міндетті
1.Мұғалімді сыйлауға 2.Қоғамдық жұмысқа қатысуға
3.Білімді менгеруге 4.Шындықты білуге
5.Үлкенді сыйлауға 6.Кішіге көмектесуге
7.Өтірік айтпауға 8.Шыдамсыз болмауға
9.Денсаулығын күтуге 10.Денені шынықтыруға
11.Қазақ тілін құрметтеу 12.Мемлекет нышандар
13.Табиғатты қорғауға 14.Заңдары орындауға
15.Жол тәртібін бұзбауға
Оқушы жауапкершілігі
1.Уақытында келу 2.Уәдеде тұр
3.Тиянақты болу 4.Мектеп мүлкін
бүлдірмеу 5.Тәртіпті бұзбау
6.Жаман сөз айтпау 7.Досына көмектесу
8.Оқушы ережесін орындау 9.Кітапты күтіп ұстау
10.Күн тәртібін бұзбау 11.Талапты орындау
12.Әдепті болу
Міне,балалар оқушының құқығы,міндеті,жауапкершілігі туралы көп нәрсе
үйрендіңдер деп ойлаймын. Сау болындар!