Тақырыбы: «Қызға қырық үйден тыйым»
Мақсаты: Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік,
көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық
қасиеттерін таныта білу. Коммуникативтік – оқушылардың ойлау, есте сақтау,
танымдық қасиетін дамыта оқыту. Қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала
тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру.
Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді.
Қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Бесігінде жақсы
тәрбие алған, үлгі өнеге көрген қыз бала келін болғанда да сол әдетін сақтайды. Сондықтан да, бүгінгі ұлттық салт
дәстүріміздің қыз бала тәрбиесіне байланысты тұстарын айтып өтпекпін. Әдептілік,инабаттылық, сыйласу қонақ күту жағынан халқымыз алдына жан
салмаған. Әрбір бойжеткен қыз бала,әке-шещенің ортасындағы бұлғақтаған бал дәуренін қалдырып, басқа бір үйге барып келін атанады. Өз шаңарағын көтеріп, үй мен шаруаға иелік етіп түтінін түтетеді, ана болып өмірге перзент
әкеледі. Жар құшып, ана болу – қыз баланың мақтанышы әрі бақыты. Бұған әсіресе әке- шеше қуанады. Біздің халықтаежелден келе жатқан ұғым – тәлімде өнегелі қыздың
ер жетіп өсуі ата-анаға және оның тәрбиесіне байланысты. Данышпан ақын Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білек» деген еңбегінде « Қызға үлгі көрсет ,
ерлік ізгілікті басшылықа ала отырып, әдеп пен инабаттылықты
үйрет. Сұрағанын бер, көз алдыңнан таса қылма,
мықтап күзет. Мезгілі жеткенде тұрмысқа бер» дей
келе қыз баланың барлық талап – тілегін орындау арқылы
қатал ұстауды міндеттеді. Біздің халқымызда
«қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, жан- жақты сұлулықтың
рәмізі ретінде қолданылады. Қазіргі кезде мектептегі кейбір
қыздарымыздың тәртібінің төмендеп бара жатқандығы. Яғни
ибалы қыздарымыздың арасындағы келеңсіз жағдайлар оқу –
тәрбие жұмыстарына кесірін тигізіп жатқаны рас. Мектеп өмірі,
оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы әріптестік педагогиканы талап етеді.
Және мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие үрдісі өз жемісін
нәтижелі бере бастайды.
Ынтымақ бар жерде тәрбие де бар. Ынтымақ бар жерде береке, бірлік те бар. Қоғамдық тәрбие
жанұядан басталады. Ал сол жастар «рухани» байлықпен қалыптасады.
Қандай бағытпен жүреді, қандай ізгі істер жасайды, қандай қоғам келешекті
қалыптастырады? Ол жалғыз мектеп проблемасы болмауы керек. Оған ата-аналар да,
қоғамның әрбір мүшесі де бірігіп ат салысуы қажет. Бала — басты байлығымыз. Ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның
міндеті. Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю»
деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Яғни қыз
бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты емес, бүкіл ауыл,
ру жауапты болып отыр. Қыз баланы құрметтеу,
олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу — халқымыздың игі
дәстүрлерінің бірі.
Ал, қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана емес, радио мен теледидар,
газет-журнал, кітаптар мен кинолар, барлар мен дискотекалар жан-жақты әсер
етіп, оны тәрбиелеуде. Бұл
тәрбиенің жағымды жақтары да, жағымсыз жақтары да толып жатыр. Ата-аналары күн
ұзақ жұмыста, бала тәрбиесіне бөлінетін уақыт күннен-күнге азайып барады.
Сондықтан қыздарымыз өзімен-өзі қалып бара жатқан жайы бар. Мектеп жасындағы қыз балалар
тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады. Бастауыш сыныптар кезеңіндегі
тәрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың
көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту.
Бесінші-сегізінші сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай
дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан ешнәрсе
бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін айтып келеді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын
пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді
сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру-басты
борыш. Сонда бұл сипаттар келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді
мүшесі болатын қыз баланың бойынан әрқашан нұр болып төгіледі.Үшінші кезең
тоғызыншы-он бірінші сыныптарды қамтиды. Бұл аралықтағы тәрбие алдыңғы
кезеңдермен тығыз байланысты. Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын
сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстазын
сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз
шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты
жан, нәзік ару шығары сөзсіз.