Қазақстан тарихы 10-сынып 23.01.17 ж
Тақырыбы |
Қазақ хандығының қалыптасуы және нығаюы |
Сілтеме |
Жоспар |
Мақсаты |
1.Қазақ хандығының негізінің қалануы және оның нығаюы барысындағы тарихи оқиғалар барысы жайлы түсініктерін қалыптастыру 2.Қазақ хандығының тарихтағы орнын, зерттелуі туралы ой - өрісін кеңейту, тарихи танымын молайту. |
Күтілетін нәтиже |
1 .Қазақ хандығының қалыптасуы және нығаюы жайлы түсініктері қалыптасады; 2.Тарихи деректерді қолдана отырып, ізденіс жұмыстарын жасайды; 3.Пікір айту сөйлеу мәдениеті қалыптасады. |
Түйінді идея |
Қазақ хандығының қалыптасуы туралы түсіну |
Оқушының іс-әрекеттері |
Топта бірлесіп оқиды Топтық,жұптық және жеке жұмыстар жүргізеді |
Сабақтың типі |
Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағы |
Әдісі |
Түсіндірмелі, топпен жұмыс, ассоциация-кластер, сұрақ-жауап, Венн диаграммасы,ойын элементтері |
Көрнекілігі |
Интерактивті тақта,үлестірмелі материалдар,Қазақстан картасы, сызбалар |
Сабақтың барысы |
І Ұйымдастыру кезеңі ІІ Үй тапсырмасы ІІІ Жаңа сабақ ІV Қорытынды |
І Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпты үш топқа бөлу.
ІІ Үй тапсырмасы(5 мин)
Қазақ жүздерінің
шығуы. Сұрақ-жауап
ІІІ. Жаңа сабақ.Тұсаукесер жасау. (5 мин)
1.Мәтінмен жұмыс. Постер қорғау (10
мин)
1. Ұлы жүз тобына Керей мен Жәнібектің Жетісуға көшудегі мақсаттары
2. Орта жүз тобына: Қазақ хандығының құрылуы, алып жатқан аумағы.
3. Кіші жүз тобына: Қазақ хандығының этникалық құрылымы, көрші елдермен қарым -
қатынасы
«екі жұлдыз, бір ұсыныс» бойынша бағалау
2. Математикалық ойын (5 мин)
1. 800*2 - 172= (1428 Әбілхайыр хан таққа отырды)
2. 424*2 - 182= (1466 Қазақ хандығының құрылуы)
3. 4300÷2 - 682= (1468 Әбілқайыр хан қайтыс болды)
4. 348*3+947 = (1991 Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алды)
5. 460*5 - 589= (1711 Абылай хан дүниеге келді)
6. 299*2+5= (603 Түрік қағанатының құрылуы)
3. «Термин сөздер» ойыны.(5 мин)
«Інжу», «Би», «Ғаныш», «жабғу», «қағба», «қараша», «сардоба», «инал»,
«өмілдірлік».
4.
Ассоциация – кластер. (5 мин)
Қазақ хандығы - қашан?- кім?- қайда?- кімге? кімнен?
Қазақ хандығы:- ХҮғ. 1465 - 1466ж.- Керей, Жәнібек - Жетісуге - Моғолстан ханы
Есен бұға - Әбілхайыр хандығынан
Әбілхайыр хандығынан - Керей мен Жәнібек(1465 - 1466жж.)- Моғолстан Есен бұға
Қазақ хандығы негізін қалаған Шыңғыс хан ұрпағы, Жошы әулеті, Ұрыс ханнан Барақ
хан балалары Жәнібек пен Керей
5. Картамен жұмыс.(5 мин)
1. Жетісуді, Шу өзенін, Сыр бойындағы қалаларды, Моғолстанды, Қырғызстанды
картадан көрсету
ІV Қорытынды. (5
мин) Венн диаграммасы
Керей мен Жәнібек
Әбілхайыр
V Үйге тапсырма: §34