"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бақытың да, байлығың да -Денсаулық

23.01.2017

Сыныбы: 1«А»

Тәрбие сабақтың тақырыбы: «Бақытың да, байлығың да -Денсаулық».

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға

тамақтың пайдасы мен зиянын түсіндіру, дұрыс тамақтанудың денсаулыққа әсерін

түсіндіру

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Дұрыс

тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту. Денсаулықты сақтаудың ең басты

негізі – дұрыс тамақтану екендігін түсіндіру.

Дамытушылық:  ой – өрісін, пәнге деген қызығушылығын

арттыру.

Тәрбиелік: дұрыс

тамақтана білуге, денсаулықты сақтауға тәрбиелеу, еңбекке, тазалыққа баулу.

Пәнаралық байланыс: өзін – өзі тану, дүниетану.

Көрнекіліктер: көкөністер мен жемістердің суреттері, сызбалар, үнтаспа,

слайд.

Оқушылардың міндеті: жаңа тақырыпты

игере отырып, білімдерін, білік дағдыларын дамыту.

    

                                 Сабақтың

барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.Оқушыларды түгендеу.

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы.

Ауруды емдеуден гөрі

оның алдын алу керектігін айтты. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір

салтын сақтау мақсатында «Бақытым да, байлығым да - Денсаулық» деп аталады. Балалар, сендерге Данышпан атай жұмбақ беріпті.

Егер жұмбақтың шешуін тапсаңдар, өмірдегі басты байлықтың не екенін

түсінесіңдер.

Оны

күткен адамдар,

Ұзақ

өмір сүреді.

Қадірін

білген жарандар,

Байлық

осы деседі.    (Денсаулық)

Ал енді осы денсаулығымыздың жақсы болуы үшін

біз не істеу керекпіз? (Оқушылардың ойы тыңдалады).

Дұрыс айтасыңдар, біз дұрыс тамақтану

керекпіз. Ол үшін бізге не керек? (Оқушылардың ойы тыңдалады).

 

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі .

Сендер адамдардың толық немесе жүдеу,

дені сау немесе аурушаң болатынын байқаған боларсың. Оның бәрі – тамақтануға

байланысты. Дені сау болып өсуі үшін адамға қоректік заттар керек. Олар азық –

түліктің әр түрінде болады. Біз – жануар тектес азық – түліктер – ет, балық,

жұмыртқа, ірімшік, сарымай жейміз, сүт ішеміз. Сонымен бірге нан, жарма, көкөніс,

жеміс, қант, өсімдік майын, саңырауқұлақтарды пайдаланамыз. Бұлар – өсімдік

тектес азық – түліктер.  Адамға белгілі

бір мөлшерде тамақ керек. Күніне 4 – 5 рет уақытылы тамақтану қажет.Сонымен

бірге маңызды ережелерді есте сақтаған жөн.Асқазанды артық тамақпен

ауырлатпа.Тәттіні, тұзды және ащы тамақты көп жеме.Дастарқан басында жақсы

көңіл күймен отыр.Маңайыңдағыларға астарының дәмдә болуына тілек білдіруді

ұмытпа.Ас дайындаған адамға алғысыңды білдір.

Денсаулықтың

негізі- дұрыс тамақтану, сол себепті де біз тамақтану барысында мынадай

ережелерді сақтау керекпіз.

1.Қолыңды

сабындап жу

2.Қисаймай,

түзу отыр

3.Қасықты оң қолыңмен ұста

4.Тамақ ішіп отырып сөйлеме, күлме,

кітап,газет оқыма

5.Шамадан тыс тойып ішпе

6.Нанды үзіп же

7.Тамақтан соң аузыңды шай, қолыңды

жуу.

 

Ал енді

оқушылар назарымызды бейнетаспаға аударайық.

Шынықсан, шымыр

боласың.

Денсаулыққа не пайдалы, не зиян?

(Оқушылар тақтада тұрған тірексызбаға стикерлер арқылы пайдалы

және зиян нәрселерді жазып, жабыстырады).

Мұғалім: Ситуациялық сұрақтар:

Балалар, келесі кезекте жағдаятты шешіп көрейік.

Сағат шырылдайды. Болат орнынан тұрады. Терезені ашады. Жаттығу

жасайды. Жақсылап беті қолын жуады. Мектепке келеді. Сабаққа белсенді қатысады.

Сағат шырылдайды. Самат сағаттың қоңырауын басып қойып, ерініп кеш

тұрады. Беті қолын шала жуып, мектепке асығады. Сыныпта отырып ұйықтап қалады.

Салыстыр:

Балалар сендерге қай баланың қылықтары ұнады?

Болат сендерге несімен ұнады?

Саматтың күн тәртібі дұрыс па?

Ал сендер дұрыс күн тәртібін ұстанасындар ма?

Сергіту сәті.

(зимняя зарядка)

Қорытынды. Сонымен балалар біз бүгін қандай

тақырыпта сөз қозғадық?

·       

Нені

ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?

·       

Сендер

қандай азамат болып өсулерің керек?

(Оқушылар өз ойларын білдіреді).

 «Сау

дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар

екен. Ал ден сау болу үшін дұрыс тамақтану керек. Дұрыс тамақтану – денсаулық

кепілі. Сол айтқандай дені сау, құшыр білекті, батыл жүректі, салауатты өмір

салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіңдер.Осымен, біздің тәрбие сағатымыз

аяқталды. Назар алып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан

оқушыларды бағалау.

 

 

 

Просмотров: 566


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст