Сыныбы: 3
Пән: Еңбекке баулу
Сабақтың тақырыбы: «Қағаздан қарға пішінін жасау»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қағазбен жұмыс жасауға, оны жапсырмалап қарға
пішінін жасауға үйрету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік:
оүушыларға қағаз туралы түсіндіріп, қарға жасауды үйрету.
Дамытушылық: сарамандық жұмыс барысында
ойларын, зейіндерін,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: жұмыс істеу барысында
оқушыларды сыйластыққа,достыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: жаңа сабақты
түсіндіру
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: Үлгілер, суреттер.
Қажетті құралдар: Түрлі-түсті қағаз, қайшы, сызғыш, қарандаш, желім.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
Сыныпты
тыныштандыру.
Оқушылардың
зейіндерін сабаққа аудару.
II. Жаңа сабақ. Балалар бүгінгі сабағымызда қағаздан қарға жасауды үйренеміз.
Сарамандық жұмыс: Қарғаны жасау үшін түрлі түсті қағаз, қарандаш, желім,
қайшы керек.
1. Қара көк түсті қағаз дайында.
2.
Қағазды
шаршылап бүкте.
3.
Артық
бөлігін қи.
4.
Шаршыны
ортасынан екіге бүкте. Екі шетін ортаңғы сызыққа жеткізіп
5.
бүкте.
6.
Дайын
болған бұйымды тағы да ортасынан бүкте.
7.
Бұл
қарғаның артқы бойы, кеудесі қанаты болады.
8.
Белгіленген
сызық бойынша артқы бойынжоғары қаратып бүкте.
9.
қырын
тегісте.
10.Артқы бойын тартып, қарғаның екі қанатын шығар.
11.Беттестіре бүкте. Қанаттың жартысын қайыр.
12.Енді тұмсығымен басын жасау керек.
13.Белгіленген сызық бойынша қарғаның, тұмсығын артқа қайыр.
14.Тұмсықты қайта жоғары көтеріп, саусақпен итере отырып,
ішке бүкте.
15.Тұмсықты жоғары шығарып, бүктеу сызығын ішке ендіре
ендіре отырып бүкте.
16.Қарғаның көзін жабыстыр.
III.Қорытынды: Сұрақтар.
1. Оригами дегеніміз не?
2. Оригама жасау үшін қандай қағаз қолданылады.
IV. Үйге тапсырма: Аяқтамаған жұмысты аяқтау
V. Бағалау.
Оқушыларды істеген жұмыстары бойынша, көрме ұйымдастырып б бағалау.