"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Геометриялық пішіндерді белгілермен ауыстыруды қалыптастыру

28.01.2017

Тақырыбы: Геометриялық пішіндерді белгілермен ауыстыруды қалыптастыру

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді ажырата

білуге үйрету, кеңістікті бағдарлай білуге қалыптастыру.Балалардың  санау

білімдерін дамыту. Оларды танып және атау іскерліктеріне үйрету.

а) 5 дейінгі сандарды және цифрларды ажырата білу.
б) санау 1-ден 5 дейін, кері санау.
2. Балаларды       геометриялық пішіндермен

таныстыруды әрі қарай жалғастыру. Оларды ажыратуды үйрету. Олармен есептер

шығару.
3. Геометриялық пішіндерді (үлкен, кішкентай) белгі арқылы балалармен

диктант жазу. Мысалы:
Тапсырма орындау

4. Өлшем шарты көмегімен екі заттың

ұзындығын, биіктігін, үлкен-кішкентайын анықтау.

5. Теңдік және теңсіздік туралы

түсініктерін қалыптастыру.

6. «Неге ұқсайды» ойыны. Геометриялық пішіндер.

Суретте неше геометриялық пішін бар?

Дамытушылық мәні: есту, көру, еске

сақтау қабілетін дамыту.

Балалар қарандар бізге Негеш келіпті.Ол маған құлағыма бірдеме айтам дейді: Мен

мектептен сендерге келім. Онда мұғалім балаларға жұлдыз арқылы баға қояды екен.
Негеш бүгін біз сабағымызды мектепте сияқты өткіземіз.

Балаларды үш  топқа бөлдік. Әр топтың маған көмекшісі бар. 1-ші топта-

Балжан, 2-ші топта – Балңұр, 3-ші топта – Думан.

Негеш бізге бірнеше тапсырмалар әкеліпті. Сабақтың аяғында мен сендерге жұлдызша

беремін. Өте жақсы қатысқан балаларға қызыл жұлдыз. Жақсы қатысқан балаларға

жасыл жұлдыз.Көк жұлдыз көп қатыса алмаған балаларға.

Тақтаға қарайық бүгін сабақта біз не істейміз. Сұрақтарға жауап береміз,

жоғалған сандарды табамыз. Геометриялық пішіндер арқылы есептер шығарамыз.

Үлкен кішкентай белгі арқылы геометриалық пішіндермен диктант жазамыз,

геометриялық дененін өлшем шарты арқылы биіктігін анықтаймыз.

Сергіту сәтінен кейін теңдік теңсіздік геометриялық пішіндерді салыстырамыз.

Ойын «Геометриялық пішіндерді тап», суреттерде неше геометриялық пішін бар.

Сұрақтарға жауап берейік:

1)Кемпірқосақта неше түс бар?

2) Жұлдыздың неше бұрышы бар?

3) Бір аптада неше күн бар?

4) Бір жылдың ішінде неше ай бар?

5) Бағдаршамда неше көз бар?

6) Адамның екі қолында неше саусақ бар?

7) Қазір қай жыл мезгілі?

8) Неше жыл мезгілін білесіңдер?

Негеш бізге асығып келе жатқанда сандарын жоғалтып алыпты. Кәне соны табайық.

1-2-3-4-5 санау, кері санау 5-4-3-2-1

1 тапсырма: Сендердің алдарында қағаздар жатыр, геометриялық пішіндер арқылы

есеп шығарайық. (3 деңгейдің балалары тапсырманы тақтаға орындайды).

2 тапсырма: Диктант жазамыз, геометриялық пішіндерді

үлкен,  кішкентай белгімен жазайық.

Пішіндерді нүктемен жазуға болады екен.

Әрі қарай мынандай тапсырма: Маратта екі үлкен төртбұрыш бар, сосын кішкентай

үшбұрыш бар, оған Болат бір кішкентай дөңгелек берді, сонда Маратта неше пішін

болды?

Маратта төрт пішін болды.

3 тапсырма: Бүгін біз өлшем шарты арқылы текше мен призманы өлшейміз. Призманың

биіктігі 3 өлшем, текшенікі 2 өлшем. Сонда призма бір өлшемге артық, текше бір

өлшемге кем.

4 тапсырма: Қазір біз тұрып сергіту жасаймыз:

Орнымыздан тұрамыз,

Екі қолды созамыз,

Құс боп қанат қағамыз,

Бір отырып бір тұрып

Тапсырманы табамыз.

Әр топ тапсырмаларыңды табыңдар: 1-топта сары конверт, 2-топта көк конверт,

3-топта қызыл конверт.

Тапсырмаларын теңдік және теңсіздік.

5 тапсырма: Геометриялық пішіндер: дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш, тіктөртбұрыш

неге ұқсайды?

Келесі тапсырма суреттер арқылы неше геометриялық пішін бар екенін анықтау, әр

топтан екі баладан шығады. Басқа балалар орындарында орындайды.

6 тапсырма:

 Қорытындау.
Балалар сабақта біз бүгін не істедік?

Сендерге сабақ ұнады ма?

Не ұнады?
Не қиын болды?
Мұғалім балаларға қорытындап жұлдызша береді.

 

Просмотров: 491


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст